Лондон Корольдік колледжі, Лондон Кинг колледжі (, сонымен қатар King's) — Англиядағы ең үлкен, ең көне және ең беделді университеттердің бірі, Лондон университетінің негізін қалаушы колледж (оның бөлігі). Лондон университеттік колледжімен және Лондон экономика мектебімен бірге ол «алтын үшбұрыш» деп аталатын «бұрыштардың» бірін құрайды (қалған екі «бұрыш» Оксфорд және Кембридж университеттері). Ол сондай-ақ Ұлыбританиядағы Russell Group университеттерінің элиталық қауымдастығының мүшесі болып табылады. солға|нобай|240x240 нүкте Бұл 1836 жылы Лондон университетін құрған екі колледждің бірі. Кинг колледжі Англиядағы Оксфорд және Кембридж университеттерінен кейінгі ең көне үшінші университет екенін мәлімдейді. Білім беруде де, зерттеуде де әлемдегі жетекші университеттердің бірі ретінде танылды. Кингс колледжі әлемдегі ең үздік университеттер рейтингінде 25-орында, ал жеке пәндерден әлемдегі ең үздік 10 оқу орнына кіреді.
Колледж капелласында әйгілі Henry Willis & Sons компаниясының органы орнатылған.
Оқытушылар және түлектер Колледж түлектерінің арасында белгілі саясаткерлер, мемлекет басшылары, заңгерлер, британ парламентінің 32 депутаты, жазушылар Артур Кларк, Джон Китс, Сомерсет Моэм, Вирджиния Вулф, Queen тобының бас-гитаристі Джон Дикон бар.
Деннис Уильям Сиама Гарри Килворт Хушвант Сингх Роджер Хокинс Кипрос Николайдес Хуан Крисостомо Сентурион Лоуренс Дадли Стумп — XX ғасыр географы, Лондон экономика және саясаттану мектебінің және Ранугни университетінің профессоры. Джеймс Эдвин Торолд Роджерс — экономист, тарихшы, XIX ғасырдың саясаткері
Дереккөздер
Сілтемелер
Лондон Корольдік колледжі, ресми сайт)
Санат:Лондон университеті