Жезқазған әуежайы — Ұлытау облысындағы Жезқазған қаласының халықаралық әуежайы.

Тарихы 1949 жылдан бастап Жезқазған теміржол вокзалынан 1 шақырым жерде екі топырақ ҰҚЖ (18/36 және 10/28) бар ескі әуежай болды. Жаңбыр мен қардан кейін жолақтар жарамсыз болып, рейстер жиі тоқтайтын.

1971–1973 жылдары қазіргі әуежай салынды. 1985 жылы сағатына 200 жолаушыға қызмет көрсете алатын жаңа терминал ашылды. Алғашқы рейс 1973 жылы 13 шілдеде Ил-18 ұшағымен орындалды.

1970-жылдары Жезқазған біріккен әуе эскадрильясы (DOAE) құрылды. 1983 жылы L-410, 1995 жылы Ми-8 тікұшақтары енгізілді. 1996 жылы «Жезқазған Эйр» құрылды.

2004 жылдан бастап «Қазақмыс» ЖШС қолдауымен толық реконструкция жүргізілді. 2008 жылы халықаралық мәртебе берілді.

ӘК қабылданатын түрлері Ан-12, Ан-24, Ан-26, Ил-76, Л-410, Ту-134, Ту-154, Яковлев Як-40, Яковлев Як-42, Bombardier CRJ 200, Bombardier Q400, Embraer EMB 120 Brasilia, Boeing 737 және барлық тікұшақтар. ҰҚЖ (PCN): 37/R/B/X/T.

Авиакомпаниялар мен бағыттар Әуе компаниясы Межелі пункттер Zhezkazgan Air Қарағанды SCAT Алматы, Астана Qazaq Air Астана

Жолаушылар ағыны 2015 — 29 518 адамhttp://www.kase.kz/files/emitters/ARAL/aralp_2016_rus.pdf 2016 — 26 624 адам 2025 - 30 015 адам

Оқиғалар 1987 жылы 6 қаңтарда Ан-2Р ұшағы (борт: Аэрофлот CCCP-16075 рейсі) Жезқазғаннан пошта тасымалдай отырып, ауа райының қолайсыздығынан апатқа ұшырады. Экипаж визуалды бақылаудан айырылып, 680 м биіктікте қар жамылған рельефке соғылды. Командир оқиға орнында қаза тапты. Екінші ұшқыш кейін табылып, ауруханада қайтыс болды. http://www.airdisaster.ru/database.php?id=567

Дереккөздер http://www.kase.kz/files/emitters/ARAL/aralp_2016_rus.pdf http://www.airdisaster.ru/database.php?id=567 https://centrasia.org/newsA.php?st=1101950040 https://www.zakon.kz/30857-v-zhezkazgane-zavershilas-rekonstrukcija.html https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/vozdushnaya-gavan-zhezkazgana-nachinaet-jit-novoy-jiznyu-126095/ https://aviation.kz/2021/02/02/zhazhaj-zhazhaj-zhezkazgan-ajport/ https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30159290 – Жезқазған халықаралық әуежайына мәртебе беру туралы ҚР Үкіметінің 2008 жылғы қаулысы https://ru.wikipedia.org/wiki/Авиапроисшествие_Ан-2_под_Жезказганом – 1987 жылғы Ан-2 апаты туралы орысша мақала

Санат:Қазақстан әуежайлары Санат:Жезқазған Санат:Ұлытау облысы