2023 жылдың 8 мамыр күні Мирзиёев елде кезектен тыс президент сайлаудың сол жылдың 9 шілде күні жүргізілетінін жариялады. Президенттің өзінің сөзі бойынша, одан әрі реформалар жүргізу үшін жаңа конституция бойынша жаңа мандат қажет болғасын сайлау кезектен тыс болды. Сайлау нәтижесінде Шавкат Мирзиёев қайта сайланып, президенттігін жалғастырды.
Батыстық БАҚ-тар сол жылдың референдумы мен сайлаудың кезектен тыс болуы Мирзиёевтың өз билігін ұзартуға жүргізілген жоспары деп санайды. Сол жылы жасалған реформа бойынша президенттің бір мерзімі 7 жылға созылған еді.
Оппозициялық және батыстық дереккөздер «сайлауда нағыз бәсеке болмайтыны» және өзбекстандық саяси жүйеде оппозицияның жоқтығымен байланысты Мирзиёевтың жеңісі анық болды. «Мирзиёев реформасы үлкен өзгеріссіз болды, шынайы қарсыластар сайлаудан шеттетіледі» деген айыптар салынды, Мирзиёев жайлы «өзіне сын айтпайтын үш кандидатқа қарсы жеңуге дайындалып жатыр» деп те делінеді.
Сайлау нәтижесінде ресми дерек бойынша Шавкат Мирзиёев дауыс санының 87,05 % жинап, қайта сайланды. Оған ең жақын дауыс санын жинаған (4,43 %) үміткер Әділет социал-демократиялық партиясының Робахон Махмудова еді.
Үміткерлері Аты-жөні, туған жылы және партиясыІрі лауазымдарыТіркелуіАбдушукур Худойқулович Хамзаев(1973)Экологиялық партияӨзбекстан экологиялық партиясы Орталық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы(желтоқсан 2022 бері)Экологиялық партия Орталық Кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары(2023 бері)11 мамыр 2023Улуғбек Иноятов(1962)Халық Демократиялық партияҰлттық Білім беру министрі(2013–2018)ӨХДП төрағасы(2019 бері)12 мамыр 2023Робахон Махмудова(1968)ӘСДПӨзбекстан Жоғарғы соты төрағасының бірінші орынбасары(2020 бері)12 мамыр 2023Шавкат Мирзиёев(65)Партиясыз(ӨзЛиДеП және Ұлттық жаңғырумен ұсынылған)Өзбекстан президенті(2016 бері)Өзбекстан премьер-министрі(2003–2016)12 мамыр 2023
Нәтижесі ҮміткерПартиясыДауыс саны%Шавкат МирзиёевПартиясыз13 742 94487,05Робахон МахмудоваӘділет социал-демократиялық партиясы693 6344,43Улуғбек ИноятовӨзбекстан Халық Демократиялық партиясы629 1164,02Абдушукур Хамзаев Өзбекстанның экологиялық партиясы585 7113,74Жалпы15 651 405100,00Жарамды дауыс саны15 651 40599,24Жарамсыз дауыс саны118 9510,76Жалпы дауыс саны15 651 405100,00Тіркелген сайлаушылар19 593 83879,88Дереккөзі:
Дереккөздер
Санат:Өзбекстандағы президент сайлаулары Санат:2023 жылдағы Өзбекстан