Маба (бура, мабанг, вадаи)Значение слова МАБА в Большой советской энциклопедии, БСЭ https://slovar.cc/enc/bse/2014203.html — Африка халқы, Чад аумағында (Судан шекарасында) және Суданның шекаралас аудандарында тұрады.Маба https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/655497 Мабалар масалит, мими, каранга, фала, рунга халықтарына жақын.Маба https://wiki-linki.ru/Page/1169495 2016 жылғы деректер бойынша маба халқының саны шамамен 574 000 адамды құрады, олар негізінен Чадтың шығыс бөлігінде (546 000 тұрғын) және көршілес Суданда (28 000 тұрғын) шоғырланған.Группа народа Маба зарегистрирована в 2 странах https://joshuaproject.net/people_groups/13180
Тілі Тілі - мабан тілі, едәуір бөлігі араб тілін біледі.Большая Советская энциклопедия Маба https://my-dict.ru/dic/bolshaya-sovetskaya-enciklopediya/53567-maba/
Діні Мабалардың көпшілігі сүнниттік мұсылмандар, кейбіреулері дәстүрлі нанымдарды ұстанады.Большая советская энциклопедия МАБА https://bse.slovaronline.com/17078-MABA
Кәсібі Негізгі кәсібі егіншілік (бидай, ұсақ тары, мақта, көкөністер), ірі қара және ұсақ мал, түйе, есек өсіреді. Былғары (әшекейленген сөмкелер, ер-тұрмандар, аяқ киімдер) және керамикалық бұйымдар (боялған ыдыстар), металл өңдеу (жануарлардың мүсіндері, зергерлік бұйымдар) дамыған.Народы и культуры Маба https://travel-journal.ru/ethno/40/308/
Өмір салты Рулық және касталық бөліністер, ауыл қауымдары мен көп балалы отбасылар сақталған. Туыстық есеп патрилинейлік. Неке патрилокальды.
Елді мекендері ықшам орналасқан, тегіс төбесі бар тікбұрышты саман үйлерден тұрады, тас пен саздан жасалған қоршауы бар. Тұрғын үйлердің ішкі қабырғалары көбінесе ою-өрнектермен безендірілген.
Ерлер киімі - кең жеңді ұзын көйлек, кең қысқа шалбар, былғары сандалдар, әйелдер киімі жабық жағалы ұзын көйлек пен орамалдан тұрады.
Тағамдары – көкөніс соустары, жарма, бұқтырылған тағамдар, көкөніс тағамдары, құрма.народы мира / Маба http://www.etnolog.ru/people.php?id=MABA
Ертегілер, әндер, басқа да фольклорлық жанрлар сақталған.Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2150931
Дереккөздер
Санат:Чад халықтары Санат:Судан халықтары