Бережная Антонина Антоновна (1917, Бурабай ауданы Веденовка ауылы — 1968) — еңбек ардагері, Социалистік еңбек ері (1956).

1941 жылы Қатаркөл механизаторлар мектебін бітірген. 1933 жылы Бурабай ауданы Киров кеңшарында жұмыс істеген. Бурабай ауданындағы Веденов МТС-нда трактор жүргізушісі, трактор жүргізушілері бригадасының бригадирі (1941 — 58) болған.

3 рет Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған (1947, 1951, 1955).

КСРО орден, медальдарымен марапатталған.

Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том Ирина Ильичева, Бригадир Антонина Бережная, Работница, № 3, март 1957, стр. 4 — 5

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:1917 жылы туғандар Санат:1968 жылы қайтыс болғандар