Талқас (, ) — Орал тауларының шығыс беткейіндегі көл. Башқұртстанның Баймақ ауданының аумағында орналасқан.

Географиясы Көл тұщы, тектоникалық текті, алабы тар тау аралық ойысты алып жатыр. Ирендік жотасының батыс беткейінде, Төбе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 шақырым жерде орналасқан. Оңтүстік жағалауында Исен ауылы орналасқан. Солтүстік және оңтүстік жағалаулары жайпақ, кей жерлері батпақты, батысы мен шығысы — тік келеді. Шығыс жағалауы көбіне жартасты, қандыағаш, қайың, сағызқарағай ормандарымен жабылған, батыс жағалауы да бұрын орманды болған, бірақ ағаштардың кесілгендіктен бірте-бірте селдір қайың орманына айналды. Таналықтың бір саласы Шугур өзеніне құятын маусымдық ағысы бар. 1978 жылы Талқас көлі табиғат ескерткіші болып жарияланды.

Биоресурсы Көлде шаян, оңғақ, ақ сақа, шортан, балпанбалық, алабұға, сары шабақ (оны басқаша торта балық дейді) бар. Жағалауды жағалай ұшқан қаражемсаулы маймаққаз бен тұрпан ұялайды. Шығыс жағалауға жақын жерде 8-10 метр тереңдікте сазды емдеуде қолданылатын шірік тұнба, түптік шөгінділері жатыр.

Рекреациялық ресурстары Суының ерекше тазалығы мен көркем ландшафтының арқасында көл Оңтүстік Оралдағы ең танымал демалыс орындарының бірі болып табылады (көбінесе «Жайық інжу-маржаны» деп аталады). «Талқас» шипажайы (1931 жылы салынған) су жағасынан 300 метр жерде орналасқан.

Әдебиет Ахметшин Б. Легенды и были озера Талкас / Б. Ахметшин // Бельск. просторы. — 2001. — № 11. — С. 131—138. Савченко Т. На берегах башкирского Байкала / Т. Савченко // Респ. Башкортостан. — 2004. — 1 июля.

Сілтеме

Дереккөздер

Санат:Жайық су алабы өңірі Санат:Башқұртстан көлдері