Тимур Жақанұлы Сейсенов (20 маусым 1976 жыл, ) — кеңестік және қазақстандық футболшы, шабуылшы. Бірнеше қазақстандық клуб сапында ойнаған.
Карьерасы
Клубтық "Қайрат" командасының түлегі. 1990 жылы "Қайрат" сапында болғанымен, бір де бір чемпионат ойынында алаңға шықпады. 1991 жылы алматылық тағы бір клуб — "РШВСМ" сапына ауысты. КСРО екінші лигасында 32 ойында алаңға шықты. 1992 жылы Қазақстанның бірінші чемпионатында ЦСКА (Алматы) клубында өнер көрсетті. Маусым барысында туған жеріне оралып, "СКИФ-Ордабасы" клубына қосылды.
1995 жылы азырақ уақыт "Горняк" сапында ойнап, қайтадан Шымкентке оралып, "Жігер" футболшысы атанды.
Халықаралық Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы сапында бір ойын өткізген (1994 жылы 17 сәуірде Қырғызстанға қарсы)https://eu-football.info/_match.php?id=307. Дереккөздер
Санат:КСРО футболшылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:СКИФ Алматы ФК ойыншылары Санат:ЦСКА Алматы ФК ойыншылары Санат:СКИФ-Ордабасы ФК ойыншылары Санат:Горняк Хромтау ФК ойыншылары Санат:Жігер ФК ойыншылары Санат:Екібастұз-1979 ФК ойыншылары Санат:Ордабасы ФК ойыншылары Санат:Ақжайық ФК ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Кеден ФК ойыншылары