«Он Бак» (; ) — Прачия Пинкаю қойған және «Муай Тай патшалары» халықаралық промоутерлік компаниясы шығарған тай ұрыс өнері жайлы фильм. Фильмнің слоганы: «Жекпе-жек қаһарманының жаңа буыны дүниеге келді». Әлемдік премьерасы 2003 жылы 21 қаңтарда өтті. Фильмнің рейтингі MPAА: 17 жасқа толмаған балалар міндетті түрде ата-аналарымен бірге көруге тиіс фильм.
Сюжет Есірткі сатушылар ауылдан Онг Бак есімді жергілікті Будда мүсінінің басын ұрлап кетеді, оны қайтарып алу үшін ауыл тұрғындары жергілікті сайыста жеңген Тингті жібереді.
Бала кезінен муай тайдың көне стилін үйренген Тинг қиын қиындықтарға тап болады және тек оның феноменальды жекпе-жек қабілеттері ғана Бангкокқа келген мақсатына жетуге мүмкіндік береді.
Рөлдерде
Сілтемелер
Санат:Алфавит бойынша фильмдер Санат:Тайланд фильмдері