Хасонке — (хассонка, касонка - «хассо халқы»), Малидің оңтүстік-батысындағы және Бамако қаласындағы Манден тобының халқы. Халқы 200 мың адам. (2016, бағалау). 10 мың адам Сенегалда, 20 мың адам Гамбияның шығысында тұрады, 20 мыңға жуық Хасонке Францияға және Батыс Еуропаның басқа елдеріне қоныс аударды.Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/4730793?ysclid=lofdigi877777707766
Тілі Хасонке/ксасонгаксанго тілінде, бамбара тіліне ұқсас мандин тілінде сөйлейді.Народ хассонке - Khassonké people https://ru.wikibrief.org/wiki/Khassonk%C3%A9_people
Діні Негізгі діні ұстанымы суннизм, бірақ табиғат культін ұстану да тән.Хасонке https://dir.md/ru.m.wikipedia.org/wiki/%d0%a5%d0%b0%d1%81%d0%be%d0%bd%d0%ba%d0%b5
Тарихы Хасонке фульбе халқының кейбір топтарының отырықшы өмір салтына көшуі, сондай-ақ олардың 12 ғасырда мандинго және сонинке халықтарының басқа топтарымен араласуы нәтижесінде қалыптасты. Хасонке халқының қалыптасуында ерте саяси формация, Хассо «патшалығы» (XVIII-XIX ғғ.) маңызды рөл атқарды.Хасонке https://hmong.ru/ru/%D0%A5%D0%B0%D1%81%D0%BE%D0%BD%D0%BA%D0%B5#google_vignette
Кәсібі Негізгі кәсібі – тропиктік егіншілік (құрғақ күріш, фонио, жүгері, тары және т.б.). Фульбе малшыларымен дәстүрлі алмасу дамыды.Народы и культуры Хасонке https://travel-journal.ru/ethno/49/1421/
Тұрмыс салты Әлеуметтік ұйымның негізі - патритаралды, вирилокалды үлкен отбасы. Көп әйел алу жиі кездеседі. Әлеуметтік құрылым "джаму" туыстық жүйесімен байланысты жалпы эпигамиялық топтарды және аумақтық — коммуналдық және потестарлық (көсемдік, әскери ұйым) топтарды біріктіреді, жасырын одақтар бар.
Тұрғын үйлер тік бұрышты және дөңгелек пішінді, саманнан жасалған.
Ерлер қысқа көйлек пен шалбар киеді, әйелдер жамбастарын шүберекпен орайды.
Негізгі тағамдары - көкөніс және ет соустары қосылған ұннан жасалған кускус.народы мира / Хасонке http://www.etnolog.ru/people.php?id=HASO
Дереккөздер
Санат:Мали халықтары Санат:Гамбия халықтары Санат:Сенегал халықтары