Қазақстанның Польшадағы Елшілігі — Польшада орналасқан Қазақстандық дипломатиялық өкілдік.

Тарихы

Қазақстан мен Польша арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 6 сәуірінде орнатылған.

Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігі 2000 жылғы қазанында ашылған.

Әлім Қирабаев  2020 жылдың наурызынан бастап Қазақстанның Польшадағы Елшісі болып тағайындалды.

Елшіліктің негізгі міндеттері:

Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және оның сыртқы саяси курсын іске асыру; Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының Польша Республикасындағы  құқықтары мен мүдделерін қорғау; Қазақстан Республикасының Польшамен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің Польша Республикасымен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту; Қазақстан Республикасының Польша Республикасымен халықаралық келісімшарттары жобаларын, келісімшарттарды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Қазақстанның болу елімен жасасқан келісімшарттарының орындалуына бақылау жасау; консулдық қызмет; өзге де міндеттер.

Консульдықтар Польшаның Краков, Гданьск, Вроцлав, Катовице және Белосток қалаларында Қазақстан Республикасының бес Құрметті консулдықтары қызмет етуде.

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері