Үбі – Жоғарғы Ертіс алабындағы өзен. Ұзындығы — 278 км. Су жиналатын алабы — 9850 км².

Бастауы Шығыс Қазақстан облысы ндағы Көксу және Иванов жоталары сілемдері бөктерінен басталып, Ертіс өзеніне құяды.

Гидрологиясы Қара Үбі мен Ақ Үбі өзендерінің бір-біріне қосылған жерінен «Үбі» деп аталады. Өзен алабы таулы-төбелі (1000–1500 м), аңғары тар шатқалды, ені — 200–300 м. Жазда еріген көп жылдық қар, мұздық (48%), ыза суымен (36%), жаңбыр суымен (16%) толығады. Жылдық су ағынының 79%-ы сәуір–шілдеде, 15%-ы қыркүйек–қарашада, 6%-ы желтоқсан–наурызда арнасынан ағып өтеді. Жылдық орташа су ағымы Шемонаиха қаласы тұсында — 182 м³/с. Суы тұщы. Бойында шағын СЭС бар, суы егіс суаруға, ағаш ағызуға пайдаланыладыҚазақ энциклопедиясы.

Дереккөздер

Санат:Глубокое ауданы өзендері Санат:Риддер қалалық әкімдігі өзендері Санат:Ертіс су алабы