Астана қаласының мәслихаты — Қазақстан елордасы Астана қаласының жергілікті бірпалаталы заң шығарушы органы, мәслихат. Мәслихат депутаттары Мәжіліс депутаттарымен қатар сайланады. Қалалық мәслихат депутаттары өз міндеттерін қаланы дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын бекіту арқылы орындайды.

Сайлау жүйесі Мәслихат пен Мәжіліс депутаттарының сайлануы қатар өтетіндігінен сайлау барысында республикалық маңызы бар қалалардың, яғни Астана, Алматы және Шымкенттің сайлаушыларына төрт бюллетень беріледі. Бюллетеньнің екеуі Мәжіліс депутаттарын; біреуі партиялық тізіммен, басқасы мажоритарлық жүйемен және қалған екеуі дәл сол жүйе арқылы Мәслихат депутатын сайлайды.

Мәслихат депутаттарының бір жартысы партиялық тізім бойынша, қалған жартысы бірмандатты округ бойынша сайланады. Сайлауға саяси партиялар да, өзін-өзі ұсынғандар да қатыса алады.

Партиялар үміткерлерін ұсынуы үшін аймақтарда тіркелген филиалы болуы керек. Қазақстанның 20 жастан асқан кез келген азаматы мәслихат депутаттығына үміткер бола алады.

2023 жылғы сайлауларға дейін 31 депутаттың барлығы да пропорционалды сайлау жүйесі арқылы сайланатын.

Тарихы Астана қаласының мәслихаты 1993 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы» заңының қабылдануымен құрылды. Қаланың тұңғыш мәслихат сайлауы 1994 жылғы 10 наурызда орын алды, нәтижесінде оның тұңғыш шақырылымы сайланды.

2021 жылға дейін депутаттар бірмандатты округ бойынша өкілдік етті және Қазақстан Конституциясының 86-бабының 2-тармағының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» 8-бөліміне сәйкес 5 жыл сайын жасырын дауыс беру арқылы сайланатын болды.

2019 жылғы наурыздағы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасына орай Астана мәслихаты депутаттарының бірауыздан дауыс беруінен кейін Астана қаласы Нұр-Сұлтан деп өзгертілді, сол себептен мәслихаттың атауы да Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты деп ауыстырылды.

2021 жылы мәслихат сайлауы орын алды, бұл мәслихаттар тарихында 31 депутаттың барлығы да партиялық тізім бойынша сайланған тұңғыш сайлау болды. Нәтижесінде 26 орынға ие болған Нұр Отан көпшілік алды, азшылық партиялар қатарында Ақ жол ДП мен ҚХП болды.

2022 жылғы қыркүйекте қала атауы Астана қайта ауыстырылды, нәтижесінде мәслихат атауы да қайта Астана қаласының мәслихаты болды.

2023 жылғы наурызда Қазақстанда кезектен тыс парламент сайлауы орын алды, онымен қатар әр мәслихаттың сайлауы да жүрді. Осы жолы Астана қаласының мәслихатының сайлауы барысында, басқа мәслихаттардағыдай, депутаттың бір жартысы партиялық тізім бойынша, басқа жартысы бірмандатты округ бойынша сайланды.

Міндеттері Мәслихат ресми сайтының мәліметінше ол шегінде елорданың даму жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, қала бюджетін бекітеді және оның орындалуын бақылайды, жер қатынастарын, әкімшілік-аумақтық орналастыру мәселелерін реттеуді жүзеге асырады, азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Конституциясының, заңдарының номаларын, Қазақстан президентінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін орындауына жәрдемдеседі.

Құрылымы Астана қаласының мәслихатының 4 тұрақты комиссиясы бар: бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі; заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі; әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі; құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссиялар.

Тұрақты комиссиялар оларды сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметтері туралы есеп береді.

Сайланымдары №ҚызметіСайлауы11994–1999199421999–2003199932003–2007200342007–2012200752012–2016201262016–2021201672021–2023202182023–2023

Соңғы сайлауы

300pxПартия Дауыс саны % ±% Мандат саны ±Мандат Аманат 227,307 68.32 15,29 12 14 Ақ жол ДП 56,045 16.84 9.4 3 ҚХП 18,174 5.46 1.95 1 1 Байтақ 18,154 5.45 Жаңа 1 Жаңа Respublica 5,401 1.62 Жаңа 0 Жаңа Ауыл ХДПП 2,197 0.06 0.92 0 Бәріне қарсымын 3,269 0.09 Жаңа Жарамсыз дауыс 2,147 0.06 Жалпы дауыс332,694100.00 34Сайлаушы саны/Дауыс бергендер788 93142.17

Депутаттар тізімі Аты-жөні ҚызметіФракциясыЗейнұлқабден Табиғат ҚабденұлыАстана қалалық мәслихатының төрағасыАманатАдамбек Кендебай СарыбайұлыАстана қалалық мәслихатының сайтыАстана қалалық мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасыАманатАжикенова Мәдина Берікболқызы«Медина» және «Медина 2» жеке балабақшаларының құрылтайшысыАманатАйтхожин Азамат Серікұлы«AMANAT» партиясы Астана қаласы «Алматы» аудандық филиалының төрағасыАманатБайсеркина Динара СәтжанқызыАстана қаласы әкімдігінің «№6 қалалық емхана» директорыАманатДәкенов Ерлан ЕрғазыұлыЕ.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директорыАманатЖеналаева Салтанат Мұқанбетпанақызы«Эндохирургия клиникасы» ЖШС бас директорыАманатЕрғалиев Талғат Файзоллаұлы«Қазақстан құрылысшылар одағы» РЗТБ төрағасыАманатЕстек Қанат Ғалымжанұлы«СМ Каз Астана» ЖШС директорыАманатЖолжақсынов Бекзат Досханұлы«Фабрика света» ЖШС бас директоры және негізін қалаушыАманатИбраев Қанат СұлтанұлыҚР Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президентіАқ жолҚасымбергебаев Бауыржан Тілеубергенұлы«KASSYB BILIM» ЖШС бас директорыАманатҚұлмағамбетова Жанаргүл Жұмабайқызы«Cleverest Technologıes» ЖШС компаниялар тобының қаржы директорыАқ жолЛория Давид ГригорьевичҚазақстан Футбол федерациясының вице-президентіАманатМағзұм Арсланбек ТалғатұлыАстана қаласы «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ филиалының төрағасыАманатМүслім Нұрлан Сарбайұлы«Saryarqa Hold» ЖШС директорыАманатӨмірзақов Азамат Тұрсынбекұлы«O' AZAMAT GROUP» ЖШС директорыАманатОразалина Динара АманболқызыҚР ДСМ Отан соғысы ардагерлеріне арналған Орталық клиникалық госпиталь директорыАманатОрынбасаров Азамат Манасұлы«Qamqor Qurylys» құрылыс компаниясының бас директорыАманатРазбекова-Төлеуханова Ләззат МұратқызыАстана қаласы әкімдігінің Технологиялық колледжінің директорыАманатРамазанов Дархан Болатұлы«KAP Logistics» ЖШС Бас директорыҚХПРахмет Жандос Қанатұлы«BALALAND.KZ» ЖШС директорыАманатСағымбаев Абзал ЕкрамбекұлыАстана қаласы Шахмат федерациясының президентіАманатСамамбетов Мәулен Естайұлы«Астана-Энергия» АҚ басқарушы директорыБайтақСамидин Сәуле Самидинқызы«Sun Events» ЖШС құрылтайшысы, бас директорыАманатСергеев Владислав АлексеевичАстана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасыАманатСмағұлов Асқар СайлаубекұлыАстана қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасыАқ жолСмайылов Бауыржан Амангелдіұлы«Қалқаман-Жылжымайтын мүлік» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасыАманатЛәйлә Сұлтанқызыжурналист, қоғам қайраткеріАманатТабулдина Алтыншаш ЖұмашқызыАстана қаласы әкімдігінің «№ 5 қалалық емхана» директорыАманатТәжімұратов Ғабит Қалиұлы«Қазақстанның Азаматтық авиация қауымдастығы» ЗТБ президентіАманатТөлеген Бахаргүл«Әдемі-Ай Plus» ЖШС директорыАманатӨтешев Нұрлан Сүлейменұлы«Strategic Government Consulting» ЖШС тең құрылтайшысыАманат

Төрағаларының тізімі Александр Демидов Владимир Редкокашин (2003–2011) Сансызбай Есілов (2012–2016) Жанат Нұрпейісов (2016–2020) Ерлан Каналимов (2021–2025) Табиғат Зейнұлқабден (2025–)

Қосымша ақпарат

Дереккөздер

Мәслихат Санат:Қазақстанның жергілікті өкілді органдары