Ардақ Құттықожаұлы Назаров (14 қазан 1980 жыл, Қақпақ ауылы, Алматы облысы) — қазақстандық спортшы, мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Парламенті Мәжілісі VIII-шақырылымының депутаты, ережесіз жекпе-жектен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионы (2003), Еуропа чемпионы (2007).
Толығырақ Албан руынан шыққан. Джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы (1999, Алматы). Ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы (2004, Хабаровск, Ресей, 2005, Сеул, Корея) және әлем кубогының иегері (2004, Хабаровск, Ресей). Еуразияның екі мәрте чемпионы (2001, Астана, 2002,Қарағанды). Азия чемпионы (2003, Бішкек,Қырғызстан). Еуропа – Азия матчтық кездесуінің жеңімпазы (2005, Екатеринбург, Ресей). Еуропа чемпионы (2007, Таллин). Санкт-Петербург, Бішкек, Владивосток, Сеул қалаларында өткен халықар. турнирлердің жеңімпазы.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан балуандары Санат:Алфавит бойынша балуандар Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VIII шақырылымының депутаттары