Мариупольдегі 20 күн () — режиссер Мстислав Черновтың 2023 жылғы украиналық деректі фильмі. Фильмнің әлемдік премьерасы 2023 жылдың 20 қаңтарында американдық «Сандэнс» тәуелсіз кинофестивалінде өтті.

Деректі фильм Мариупольдің 2022 жылғы қоршауы туралы баяндайды. Ресейдің кең ауқымды шапқыншылығы басталған кезде, қоршауында қалған жалғыз журналистер тобы соғыс трагедияларын құжаттау арқылы жұмысын жалғастыруға тырысады.

Сюжеті Ресейдің Украина аумағына басып кіруіне бір сағат қалғанда «Associated Press» тілшілер тобы Мариупольге келеді. 20 күн бойы 15 наурызға дейін, Чернов және оның әріптестері қалада болып жатқан барлық оқиғаларды, соның ішінде жергілікті тұрғындарды жерлеуді, қаланың қоршауын және Ресей әскери күштерінің қаланы қиратуын құжаттады. Соғыстың 21-ші күні журналистер мариупольден гуманитарлық дәліз арқылы шықты. Фильмнің соңында 86 күннен кейін қаланы Ресей толығымен басып алды деген мәтін пайда болады.

Жүлделер мен номинациялар ЖүлдеСанатНәтиже «Оскар» Үздік деректі толықметражды фильм Үздік шет тіліндегі фильм шорт лист BAFTA Ағылшын тілінде емес үздік фильм Үздік деректі фильм «Сандэнс» Әлемдік кино: деректі фильмдер байқауы Әлемдік кинодағы көрермендер сыйлығы: деректі фильм

Дереккөздер

Санат:Украин тіліндегі фильмдер Санат:2023 жылғы деректі фильмдері Санат:Украина деректі фильмдері Санат:Үздік деректі фильм үшін Оскар сыйлығының иегерлері (фильмдер)