Қазақстан Ғарыш Сапары — Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы салааралық бағдарламаларды әзірлейтін және іске асыратын ұлттық компания.

«Қазғарыш» Ұлттық компаниясы» АҚ жарғы капиталында 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен 2005 жылы 17 наурызда құрылды. 2007 жылы 2 тамызда компания «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы болып өзгертілді. Компанияның жалғыз акционері - ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті.

Негізгі қызметтері Қазақстан Республикасының ғарыш қызметi саласында ағымдағы, ұзақ мерзiмдi салааралық бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiн шешуге және ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз етуге бағытталған тиiмдiлiгi жоғары ақпарат және ғарыш технологияларын құру; ғылымды қажетсiнетiн ғарыш технологиялары мен техникасын құру жөнiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргізу; халықаралық ғарыш станциясында iргелi және қолданбалы зерттеулердi орындау үшiн ұшқыш басқаратын ғарыш ұшыруларын пайдалану ұлттық қауiпсiздiкті, қорғанысты, қоршаған ортаны қорғауды, төтенше жағдайларды болжауды және мониторингтеудi қамтамасыз ету жөнiндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға қатысу"Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы

Басшылары Серік Тұржанов 2005-2006 Азамат Батырқожа 2006-2008 Ғабдуллатиф Мырзақұлов 2008-2013 Марат Нұрғожин 2013-2016 Ерғазы Нұрғалиев 2016-2018 Азамат Батырқожа 2018-2019 Еркін Шаймағамбетов 2020-2021 Айдын Айымбетов 2021-2024 Қайыржан Қожаев 2024-

«Ghalam» компаниясы "Ghalam" ЖШС — 2010 жылы құрылған қазақ-француз бірлескен кәсіпорны. Жоба 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан мен Франция үкіметтері арасындағы "Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы" келісім шеңберінде іске асырылды. "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясының үлесі 72 %, Аэроғарыш комитетінің үлесі 0,5 %, Airbus Defence & Space компаниясының үлесі 27,5 %-ды құрайды."Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2023 – 2032 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы

Жобалары Жерді қашықтықтан зондтау "KazEOSat-1" спутнигі — Қазақстанның жерді қашықтықтан зондтаушы (жерді ғарыштық құрылғымен бақылаушы) бірінші жер серігі. 2014 жылғы 30 сәуірде Астана уақыты бойынша таңғы сағат 7:35-те Францияның «Куру» ғарыш айлағынан сәтті ұшырылды. Айыру қабілеті жоғары жерсерік – «KazEOSat-1» қалалық ортадағы, сондай-ақ қорғаныс мақсаттарындағы объектілер мен өзгерістерді анықтау үшін егжей-тегжейлі түсірілім жүргізуге мүмкіндік береді.Францияда еліміздің KazEOSat-1 жер серігі сәтті ұшырылды "KazEOSat-2" спутнигі — Жерді қашықтықтан зондтаушы (ЖҚЗ) екінші қазақстандық спутник. Орынбор облысындағы (Ресей) «Ясный» ұшыру базасынан 2014 жылғы 20 маусымда Астана уақытымен сағат 01:11-де ұшырылды. «KazEOSat-2» айыру қабілеті орташа жерсерігі кең аумақтарға мониторинг жүргізуге және ауыл шаруашылығы алқаптары, табиғи ресурстар және т.б. сияқты алаңдық объектілердің жай-күйін тіркеуге арналған.«КazEOSat-2» спутнигі сәтті ұшырылды "KazSTSat" микроспутнигі — 2018 жылғы 4 желтоқсанда Астана уақытымен 00:32-де Ванденберг базасынан (Калифорния, АҚШ) ұшырылды. Спутникті 2015 жылдан бастап SSTL (Surrey Satellite Technology Ltd) британиялық компаниясының базасында «Ғалам» бірлескен компаниясындағы қазақстандық мамандар құрастырған.

Жердің магниттік өрісін зерттеу "KazSciSat 1" кубсаты — 2018 жылғы 4 желтоқсанда Ванденберг базасынан "KazSTSat" спутнигімен бірге ұшырылды. «Ғалам» бірлескен компаниясы (LLP Ghalam) құрастырған. Ғылыми наноспутник Жердің магниттік өрісін өлшеуге арналған.Маск зымыранымен ұшырылған қазақстандық жерсерік алғашқы суретін түсірді

Ашық геосервистер

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның ұлттық компаниялары