Rocksteady Studios — штаб-пәтері Лондонда, Ұлыбританияда орналасқан, компьютерлік ойындар жасаумен айналысатын британдық құрастырушы. Студия 2004 жылы 13 желтоқсанда құрылған және ол өзінің Batman: Arkham ойындар сериясымен танымал. Компания Warner Bros. Games-тың еншілес кәсіпорны болып табылады.
Тарихы Rocksteady Studios 2004 жылы Сефтон Хилл және Джейми Уокермен құрылды. Кейбір қызметкерлер Argonaut Games жабық компаниясынан ауысып келді.
2010 жылдың ақпан айында студияны Time Warner сатып алды. Square Enix EuropeRocksteady Studios-те олардың 25,1% үлесі барын растады.
2009 Spike Video Game Awards марапатындаRocksteady Studios «Жыл студиясы» атағын жеңіп алды.
2016 жылдан кейін студия Xbox, X/S, PlayStation 5, ДК үшін аты аталмаған ААА жобасымен жұмыс істеді. Бұған қатысты кез келген мәліметтерді беруден бас тартты. Сефтон Хилл Е3 көрмесінде болмағаны үшін кешірім сұрады және сонымен бірге The Game Awards 2018 үшін анонстарды күтудің қажеті жоқ деп жазды. Rocksteady кейінде Е3 2019 ды өткізіп жіберді.
2022 жылы негізін қалаушылар Джейми Уокер және Сефтон Хилл компаниядан кетті, олардың лауазымдарын Натан Берлоу және Дариус Садегиан иеленді.
Suicide Squad: Kill the Justice League, 2024 жылдың 2 ақпанында шығарылған, оның тарихы, геймплейі, кейіпкерлері және көп ойыншы режимі үшін сынға ұшырады. Пайдаланушылар әзірлеушілерді Arkham сериясының мұрасын құрметтемеді және DC ғаламын дұрыс түсінбейді деп айыптады.
Әзірленген ойындар тізімі +Ойынның аты Жылдар мен платформалар БаспагерUrban Chaos: Riot Response 2006 - Xbox, PlayStation 2 Eidos InteractiveBatman: Arkham Asylum 2009 - Windows, Xbox 360, PlayStation 3 2016 - Xbox One, PlayStation 4 Warner Bros. GamesBatman: Arkham City 2011 - Windows, Xbox 360, PlayStation 3 2016 - Xbox One, PlayStation 4Batman: Arkham Knight 2015 - Windows, Xbox One, PlayStation 4Batman: Arkham VR 2016 - PlayStation VR 2017 - HTC Vive, Oculus RiftSuicide Squad: Kill the Justice League 2024 - Windows, Xbox Series X/S, PlayStation 5
Дереккөздер
Санат:WarnerMedia еншілес компаниялары