нобай|400px|Фазалардың ауысуымен A, B, D, E циклиндерінің түзілу мөлшері Циклиндер — жасушаның бөліну циклін реттейтін ақуыздар тобы.

Олар циклинге тәуелді киназалар (Cdk) деп аталатын ферменттердің іске қосылуына себепші болып, жасушаның дұрыс бөлінуіне жағдай жасайды.

Циклиндерді 1982 жылы Ұлыбританияның биохимигі Тимоти Хант ашты. Ол және Пол Нерс пен Леланд Хартвелл 2001 жылы осы саладағы зерттеулері үшін Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді.

Түрлері

Адам, шыбын және ашытқы үшін әр фазадағы циклин мен сәйкесті киназаның үйлесімі: G1G1/SSM H. sapiens циклин D 1,2,3 (Cdk4, Cdk6) циклин E (Cdk2) циклин A (Cdk2, Cdk1) циклин B (Cdk1) D. melanogaster циклин D (Cdk4) циклин E (Cdk2) циклин E, A (Cdk2,1) циклин A, B, B3 (Cdk1) S. cerevisiae Cln3 (Cdk1) Cln 1,2 (Cdk1) Clb 5,6 (Cdk1) Clb 1,2,3,4 (Cdk 1)

Дереккөздер

Санат:Ақуыздар Санат:Жасушаның тіршілік циклі