Орман СұлтанҚазақ Энциклопедиясы«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, 10 том (туған жылы белгісіз – 1813) – Кіші жүз сұлтаны, XVIII ғасырдың аяғы – XIX ғасырдың бас кезіндегі көрнекті саяси тұлғалардың бірі.
Толығырақ Әбілқайыр ханның немересі, Нұралы ханның қалмақ әйелі Ырыстан туған. Өз ордасында мектеп ашқан. Сырым ДатұлынаҚазақстан тарихы, 3-т., А., 2002 қарсы күреске және Кіші жүздегі хандық басқаруды қалпына келтіру жолындағы қозғалысқа белсене қатысты. 1809 жылы Хан кеңесінің төрағасы болды. Қаратай сұлтанның көтерілісіне қатысып, сол үшін тұтқындалды. 1810 жылы 11 наурызда Орынбор шекаралық комиссиясының шешімімен барлық шендері мен сұлтан атағынан айрылып, Иркутск Бекмаханов Е., Казахстан в 20 – 40-е годы 19 века, А.-А., 1992 губерниясына жер аударылды. Кейіннен жер аудару Санкт-Петербургтегі қамалға қамаумен алмастырылды. Қамауда қайтыс болған.
Сілтемелер Қалмақ Сұлтан Саясат Қазақстан Дереккөздер
Санат:Тарихи тұлғалар Санат:Төрелер Санат:Қазақ сұлтандары