Ламин Ямаль Насрауи Эбана (; , Эсплугес-де-Льобрегат, Барселона, Испания) — испаниялық футболшы, Испания Ұлттық футбол құрамасы мен «Барселона» клубының жартылай қорғаушысы. Өз ұрпағының келешегі зор футболшыларының бірі ретінде танылған.

Ламин Ямал 2007 жылы 13 шілдеде Каталонияның Эсплугес-де-Льобрегатта қаласында Экваторлық Гвинеядан шыққан даяшы Шейла Эбан мен Марокколық құрылыс сырлаушысы Мунир Насруидің отбасында дүниеге келді.

Мансабы Клубтық мансабы 2023 жылдың сәуірінде Ламин алғаш рет Ла Лигадағы Атлетико клубына қарсы ойында клуб тізіміне енді, бірақ сол матчта алаңға шықпады. Ла Лигадағы алғашқы ойнын 2023 жылдың 29 сәуірінде «Реал Бетис» клубына қарсы өткізді. Сол ойынның 83-минутында Гавиді ауыстырған Ламин Ла Лига тарихындағы ең жас бесінші ойыншы болып қана қоймай, сонымен бірге жүз жылдан астам бұрын 1922 жылы 15 жасар Армандо Сагиден бері Барселонаның негізгі командасында ойнаған ең жас (15 жас, 9 ай және 16 күн) ойыншы атанды. 2023 жылдың 20 тамыз күні «Кадис»ке қарсы Испания чемпионатында алғаш рет Барселонаның негізгі құрамына қосылып, XXI ғасырдағы Ла Лигада ойынды алғашқы минуттардан бастаған ең жас (16 жас және 38 күн) ойыншысы атанды.

2023 жылдың 2 қазанында Ламин Ямал Барселонамен келісімшартты 2026 жылдың 30 маусымына дейін ұзартты.

Ұлттық құрамадағы мансап Ламин 15, 16, 17 және 19 жасқа дейінгі Испания құрамаларында ойнады.

2023 жылдың 8 қыркүйегінде Ламин Ямал 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің А тобындағы матчында 16 жыл және 57 күн жасында Грузия құрамасына қарсы Испания құрамасының негізгі құрама сапында алғашқы ойын өткізіп, өз командасының тарихындағы ең жас футболшы атанды.

2024 жылдың жазында Ламин Ямал Еуро-2024 матчтарына қатысу үшін Испания құрамасына шақырылды. 2024 жылдың 15 маусымда В тобындағы Хорватия құрамасына қарсы ойында ол 16 жыл және 338 күн жасында негізгі құрамда шығып, Еуропа чемпионаттары тарихындағы ең жас ойыншы атанды.}

Статистикасы Клубтық мансабы 2024 жылғы 26 мамырдағы жағдай бойынша КлубМаусымЛигаКубоктарЕурокубоктарБасқаБарлығыОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолБарселона B2022/233000000030Барлығы3000000030Барселона2022/2310000000102023/243751110021507Барлығы3851110021517Жалпы мансабында4151110021547

Ұлттық құрама үшін ойындар мен голдар 2024 жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша Ламин Ямалдың ұлттық құрама сапындағы ойындары мен соққан голдардың тізімі№КүніҚарсыласЕсепГолдарЖарыс18 қыркүйек 20237:11Еуро 2024 (іріктеу)212 қыркүйек 20236:0—Еуро 2024 (іріктеу)316 қараша 20233:11Еуро 2024 (іріктеу)419 қараша 20233:1—Еуро 2024 (іріктеу)521 наурыз 20240:1—Жолдастық кездесу626 наурыз 20243:3—Жолдастық кездесу78 маусым 20245:1—Жолдастық кездесу815 маусым 20243:0—Еуро 2024920 маусым 20241:0—Еуро 20241024 маусым 20241:0—Еуро 20241130 маусым 20244:1—Еуро 2024 1/8 финал125 шілде 20241:1 (овертайм 2:1)—Еуро 2024 1/4 финал139 шілде 20242:11Еуро 2024 1/2 финал Барлығы: 13 матч / 3 гол; 11 жеңіс, 1 тең ойын, 1 жеңіліс.

Жетістіктері Командалық «Барселона» Испания чемпионы: 2022/23, 2024/25 Испания кубогы: 2024/25 Испания суперкубогы: 2023, 2025

«Испания» Еуропа чемпионатының жеңімпазы: 2024

Жеке 17 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының үздік cұрмергені: 2023 Ла Лигадағы маусымның үздік жас ойыншысы: 2023/24 «Globe Soccer Awards» нұсқасы бойынша жылдың үздік жас ойыншысы: 2024 Ла Лигадағы айдың үздік голының авторы: Наурыз 2024 Ла Лигадағы айдың үздік жас ойыншысы: Тамыз 2023

Рекордтар Испания құрамасының тарихындағы ең жас гол авторы: 16 жас және 57 күн Испания құрамасының тарихындағы ең жас дебютант: 16 жас және 57 күн Испания құрамасының бастапқы құрамының ең жас ойыншысы: 16 жас және 62 күн Испания чемпионаты тарихындағы ең жас гол авторы: 16 жас және 87 күн Эль-Классикода ойнаған ең жас ойыншы: 16 жас және 107 күн Еуропа чемпионаты тарихындағы ең жас ойыншы: 16 жас және 338 күн Еуропа чемпионаттары тарихындағы ең жас гол авторы: 16 жас және 362 күн

Дереккөздер

Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары