Қаражал – Бұғылы тауларының оңтүстігіндегі шоқы.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Қарамыс ауылының солтүстік-батысында 12 км жерде орналасқан. Шерубайнұра өзенінің аңғарында. Абсолюттік биіктігі 1016 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 7 км-ге созылып жатыр, енді жері 4,5-5 км шамасында.
Жер бедері Беткейі тіктеу, өзен аңғары, сай-жыралармен тілімденген. Оңтүстік-шығыс беткейінен Қарақамыс өзенінің салалары бастау алады. Батысында Қосшоқы, солтүстік-шығысында Қарсақпай, оңтүстігінде Күшік таулары орналасқан.
Геологиялық құрылымы Ортаңғы және жоғарғы тас көмір кезеңінің гранитоидты жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Ашық қоңыр топырақ жамылғысында тобылғы, қараған, жусан, селеу, т.б. өсімдіктер өседі. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары