нобай|Қиямет күні сағатының түн ортасына дейін қалған 90 секунд «Қиямет күні сағаты» () — Чикаго университетінің "Атомшы ғалымдар бюллетені" журналы 1947 жылы бастаған бірінші солтүстік америкалық бомбасын жасаушылардың жобасы.

Журнал мұқабасында түн ортасына қанша минут қалғанын көрсететін, сағат және минут тілдері бар сағаттың кескіні мерзімді түрде жарияланады. Түн ортасына дейін қалған уақыт халықаралық ахуалдың қаншалықты шиеленіскенін және ядролық қарудың дамуындағы прогресті бейнелейді. Түн ортасының өзі ядролық катаклизм сәтін бейнелейді. Сағат тілдерін ауыстыру туралы шешімді журнал директорларының кеңесі арнайы шақырылған сарапшылар, атап айтқанда Нобель сыйлығының 18 лауреаты көмегімен шығарады.

2025 жылдың басында сағат тілдері ауыстырылды, қиямет түніне бар болғаны 89 секунд қалды - бұл қиямет күні сағаты тарихындағы ең жақын арақашықтық."Қиямет күні" сағатының тілдері "ядролық түн ортасына" бір секундқа жақындады.(орыс тілінде) nauka.tass.ru.28 қаңтар, 2025 ж.Ақырзаман қашан орнауы мүмкін: АҚШ-та "Қиямет күні сағатының" тілі ауысады.stan.kz.24 Қаңтар, 2023Ғалымдар "Қиямет күні" 1 секундқа жақындағанын мәлімдеді.stan.kz. 29 қаңтар 2025 ж.

Сағаттың минут тілінің өзгерісі ортаға|нобай|600x600 нүкте|Минут тілінің өзгеріс тарихы75 жылдық тарихында Сағат тілі жобасы өз орнын 25 рет өзгертті, бастапқыда 1947 жылы бастапқы қойылған орны жеті минут еді. Кариб дағдарысы кезінде (1962 жыл) әлем ядролық соғыстың екі қадам алдында тұрды. Дегенмен, бұл дағдарыс өте жылдам (38 күн ішінде) шешілгендіктен, сағат оған жауап беріп үлгермей, көрсеткіштері өзгеріссіз қалды. 1960 жылдан 1963 жылға дейін сағат тілі жеті минутты көрсетіп тұрды (1963 жылы бұл уақыт он екі минутқа дейін ұзарды).

+Жылминут қалды УақытӨзгерісі Себебі1947723:53—Қиямет күні сағатының орнатылуы1949323:57−4Кеңес Одағы өзінің алғашқы ядролық бомбасын сынақтан өткізді1953223:58−1КСРО мен АҚШ 9 айлық айырмашылықпен өз термоядролық бомбаларын сынақтан өткізді.1960723:53 +5Әлемдік қауымдастықтың ядролық соғыстың шынайы қауіп-қатерін саналы түрде мойындауы.19631223:48 +5АҚШ пен КСРО ның ядролық қаруды сынақтан өткізуге тыйым салуға келісім жасауы1968723:53−5АҚШ-тың Вьетнам қақтығысына килігуінің күшеюі. Франция мен Қытай өз ядролық қаруларын жасауы мен сынақтан өткізуі (1960 пен 1964 жылдар), Таяу Шығыстағы, Үндістандағы соғыстардың басталуы19691023:50 +3АҚШ Сенатының ядролық қаруды таратпау жайлы келісімді ратификациялауы19721223:48 +2АҚШ пен КСРО ОСВ-1 және ПРО шектеу туралы келісімге қол қойды.1974923:51−31980723:53−21981423:56−31984323:57−11988623:54 +319901023:50 +419911723:43 +719951423:46−31998923:51−52002723:53−22007523:55−22010623:54 +12012523:55−12015323:57−220172:3023:57:30−0:302018223:58−0:3020201:4023:58:20−0:2020231:3023:58:30−0:1020251:2923:58:31−0:01Украинадағы соғыс кез келген уақытта ядролық сипатқа ие болуы мүмкін. Таяу Шығыстағы қақтығыс бақылаудан шығып, ауқымды соғысқа айналу қаупі бар. Жауынгерлік техникадағы көздеу жүйелерінде жасанды интеллект Украина мен Таяу Шығыста қолданылып үлгерді. Бұл машиналардың әскери шешімдер, соның ішінде ядролық қаруды қолдану туралы шешім қабылдау деңгейіне қатысты мәселені ушықтырды. Ядролық қарудың таралуын бақылау процесі құлдырап барады. Жаһандық парниктік газдардың шығарылуы өсуде. Түнгі он екіге 89 секунд қалды. Қазіргі таңда бұл – Қиямет күні сағатының тарихындағы жарылыс уақытына ең жақын белгі.https://thebulletin.org/doomsday-clock/2025-statement/

Сілтемелер Қиямет күні сағатына арналған thebulletin.org сайтының бөлімі(ағылш.тілінде) https://thebulletin.org/doomsday-clock/timeline/

Санат:Ядролық қару Санат:Үшінші дүниежүзілік соғыс