2024 жылғы 28 шілдеде Венесуэла халқы 2025 жылғы 10 қаңтарда алтыжылдық мерзімі басталатын президентін сайлауға барды. Сайлау саяси қайшылыққа толы болды, халықаралық бақылаушылар (соның ішінде Америка Құрама Штаттары мен Аргентина) оны еркін де, әділ де емес деп атады, қазіргі Мадуро әкімшілігіне сайлауға дейін және сайлау кезінде барлық билікті өзіне алып, саяси оппозицияға қысым көрсетті деген айып тағылды.
Президент Николас Мадуро өзінің үшінші мерзіміне қол жеткізгісі келсе, бұрынғы дипломат Эдмундо Гонсалес негізгі оппозициялық саяси альянс — Біртұтас платформаның () атынан шықты. Үкімет венесуэлалық оппозицияны бұрын да, осы да сайлау кезінде сайлану құқығынан айырып жүрді, мысалы 2023 жылғы маусымда жетекші оппозицияшы Мария Корина Мачадоның сайлануына Венесуэла үкіметі жол бермеді. Бұл әрекетті оппозиция саяси адам құқықтарын бұзу деп көрді де, оған қарсы Америка мемлекеттері ұйымы, Еуропа Одағы және Human Rights Watch сияқты халықаралық органдар мен көптеген мемлекеттер қарсы шықты.
Гонсалестің сайлауда үлкен басымдықпен жеңгенін көрсететін дәлелдер бар, оппозиция Гонсалестің айтарлықтай жеңісін көрсететін көптеген сайлау орталықтарынан сауалнама бақылаушылары жинаған ресми есеп парақтарының көшірмелерін шығарды. Үкімет басқаратын Ұлттық сайлау кеңесі (CNE) 29 шілдеде Мадуро аз ғана артықшылықпен жеңіске жеткенін мәлімдеп, бұрмаланған нәтижелер жариялады.
Үкіметтің бұрмаланған нәтижелерді жариялауынан кейін бүкіл елде наразылық шерулері басталып, Мадуро әкімшілігі билікті беріп қоюдан бас тартып, оппозициялық саяси қайраткерлердің біразын қамауға алды; наразылардың қылмыстық жауапкершілікке тартылуын құқық қорғау ұйымдары кеңінен айыптады. Түрлі мемлекет басшылары CNE шығарған сайлау нәтижелерін мойындамай, Гонсалесті жеңімпаз ретінде таныды. Бұл әрекетке бармаған ірі мемлекеттер арасында Ресей, Қытай мен Иран бар.
Алғышарттары Авторитарлық режимі Сайлау авторитарлық режимде өтті. 1990 жылдардан бастап елде авторитаризмге тенденцияның күшеюімен айтарлықтай демократиялық кері шегініс болды.
Саясаттанушы «2004–2016 жылдар аралығын» үкімет билікті асыра пайдаланып, құқық бұзып, оппозицияға қысым көрсететін уақыт десе де, елде саяси билік үшін бәсекелестік әлі бар болғанын айтып кетті. 2013 жылы Николас Мадуро президент болғаннан бері Левицкий ел толық ауқымды диктатура мәртебесіне «жақындады», әсіресе «ең ірі оппозициялық партиялар мен ірі саясаткерлерге 2018 жылғы Венесуэла президенттік сайлауына қатысуға тыйым салынғанынан бері» деді. Сайлауды бақылаушылар еркін, не әділ деп санаған жоқ.
Венесуэладағы дағдарыс Венесуэла 2010 жылдан бері әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан өтуде, ол өсудегі қылмыс, гиперинфляция мен тапшылықтармен сипатталады. Бұл Уго Чавес билігінің соңғы жылдарында және Николас Мадуро тұсында орын алып жатқан. * * * * Үкіметке наразылық нәтижесінде оппозиция 1999 жылдан бері алғаш рет 2015 жылғы парламенттік сайлаудан кейін Ұлттық ассамблеядағы көпшілікті ұстауға сайланды. Сайлаудан кейін мандаттың мадурошыл көпшілігіне ие болған ақсақ үйрек Ұлттық ассамблея Венесуэла Жоғарғы Сотын (Әділет соты) Мадуро одақтастарына толтырды. Сот 2016 жылдың басында үш оппозицияшыл депутатты сайлауда қателіктер болды деген сылтаумен Ұлттық ассамблеядағы мандаттарынан айырды, осылайша президент Мадуроға қарсылық білдіре алатын оппозицияның көпшілігіне жол бермеді.
Сот Мадуроның бірнеше әрекетін мақұлдап, 2017 жылы оған көбірек өкілеттік берді. Мадуроға қарсы наразылықтар басталған кезде ол Чавес кезінде құрылған 1999 жылғы Венесуэла Конституциясының орнына жаңа конституцияны дайындайтын құрылтай жиналысын шақырды. Көптеген елдер бұл әрекеттерді Мадуроның билікте шексіз қалуға деген ұсынысы деп санады және 40-тан астам ел жаңа конституцияны мақұлдағалы болған 2017 жылғы Құрылтай ұлттық жиналысын (ANC) мойындамайтынын мәлімдеді. Мандат көпшілігіне ие болған оппозицияшыл Демократиялық бірлік дөңгелек үстелі сайлауға қарсы бойкот жариялап, ANC-ны «биліктегілерді билікте қалдыра тұру үшін жасалған қулық» деді. Оппозицияның сайлауға қатыспағандығынан Симон Боливардың үлкен партиоттық полюсы (GPPSB) билік коалициясы, әсіресе соның құрамындағы Венесуэла біртұтас социалистік партиясы, мандаттың дерлік көпшілігіне ие болды. * * 2017 жылғы 8 тамызда ANC өзін Венесуэлада жоғарғы билікке ие үкімет тармағы деп жариялап, оппозиция жетекшілік ететін Ұлттық ассамблеяның ANC-ға кедергі бола алатын әрекеттеріне тыйым салды.
2018 жылғы сайлау және президенттік дағдарыс
2018 жылғы ақпанда Мадуро президент сайлауының мерзімінен бұрын өткенін қалады, желтоқсанда өту керек болған сайлау төрт ай бұрын өтпек болды. 2018 жылғы мамырда көптеген ірі оппозициялық партияларға қатысуға тыйым салынғаннан кейін Мадуро жеңімпаз деп жарияланды; сайлауды бірнеше мемлекет мойындамай қойды.*
Елдегі және шетелдегі саясаткерлер Мадуро заңды түрде сайланбады деді де, оны диктатор деп атады. * * Бірнеше мемлекет пен органдар, соның ішінде Лима тобы (Мексиканы қоса айтқанда), Америка Құрама Штаттары және Америка мемлекеттері ұйымы, 2019 жылғы 10 қаңтарда өткелі болған инаугурация рәсіміне дейін Мадуроның отставкасын талап еткен. * 2018 жылғы мамырдағы президент сайлауы мен Мадуроның инаугурациясы арасында өтпелі үкімет құру туралы үндеулер болды.
2019 жылғы 10 ақпанда Мадуро ресми антын берді. Сол айда мандатының көпшілігі демократтарға тиесілі болған Венесуэла Ұлттық ассамблеясы уақытша үкімет құру жайлы жоспарын жасағанын бастады. Жасалған жоспар бойынша сол кездегі Конституцияның орнына оның 1999 жылғы нұсқасы қолданылады да, Ассамблеяның төрағасы Хуан Гуайдо уақытша президент болатын еді. Түрлі жақтар түрлі президенттерді мойындап тұрды да, президенттік дағдарыс делінетін келіспеушілік басталды.
2020 жылғы қаңтарда Гуайдо бастаған өтпелі үкімет құру әрекеттері сәтсіз аяқталды да, Мадуро Венесуэланың мемлекеттік институттарға басшылық етуін жалғастырды. 2021 жылғы қаңтарда Еуропа Одағы Гуайдоны президент ретінде тануды тоқтатты, бірақ әлі де Мадуроны заңды президент ретінде мойындамады. Кейін Еуропалық парламент Гуайдоны президент ретінде мойындайтынын растады да, Еуропа Одағы Мадуроны тағы санкциялаймыз деп қорқытты. 2021 жылы аймақтық сайлау жарияланғаннан кейін Гуайдо «ұлттық құтқару келісімін» жариялады; Мадуромен келіссөз жүргізіп, халықаралық қолдау мен бақылаушылардың қатысуымен еркін және әділ сайлау өткізу және халықаралық санкциялардың осылайша алып тасталуы ұсынылды.
2022 жылғы желтоқсанда төрт негізгі оппозициялық саяси партияның үшеуі уақытша үкіметті тарату және шетелдік активтерді басқару үшін бес мүшеден тұратын комиссия құру реформасын қолдап, мақұлдады, бұған себеп болған депутаттардың біртұтас 2024 жылғы сайлау алдындағы стратегия құруға ұмтылысы және, оппозиция сөзінше, өтпелі үкіметтің өз мақсатын орындай алмағаны еді.
2020 жылы ұсынылған өтпелі үкімет 2020 жылғы 31 наурызда Америка Құрама Штаттары Мадуро мен Гуайдоны президенттіктен шеттететін өтпелі үкімет құруды ұсынды. Мәміле үкіметтің түрлі фракциялары арасында билік бөлісу сценарийін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сайлау бір жыл ішінде өткізіліп, барлық шетелдік әскерлер, әсіресе Куба мен Ресей елден кетуі керек еді. Ұсыныс жарияланған кезде АҚШ әлі де Мадуроны қамауға алуды талап еткен еді. АҚШ ұсынысының басқа аспектілеріне барлық саяси тұтқындарды босату және елді басқару үшін бес адамнан тұратын кеңес құру кірген; кеңеске Мадуродан мен Гуайдодан екі-екі мүше кірсе, төртіншісін екеуі таңдайды. Еуропа одағы да келісім орындалатын болса, санкцияларын алып тастауға келісті. Сарапшылар бұл мәміле бұрынғы ұсыныстарға ұқсайтынын, бірақ өтпелі үкіметті кім басқаратыны туралы нақты айтылғанын атап өтті; бұл бұрын болған талқыларды баяулатып жүрген мәселе еді.
Оппозиция праймеризі 2022 жылғы қарашада Венесуэла біртұтас социалистік партиясының (PSUV) вице-президенті Диосдадо Кабелло 2023 жылдағы оппозицияның праймеризі орын алатынын ескеріп отыра президенттік сайлауды сол жылдың бірінші семестріне жылжытуды талап етіп, болмаған жағдайда оппозиция бір-бірімен қарсыласады деп мәлімдеді. Біртұтас платформа президенттік праймеризі 2023 жылғы 22 қазанда өтті.
Мачадоға жасалған тыйым мен бұзылған 2023 келісімі 2023 жылғы қазанда Біртұтас платформа праймеризінің нәтижесінде партия атынан президенттікке Мария Корина Мачадоның баратыны шешілді. Бірнеше ай бұрын, 2023 жылғы 30 маусымда оны Венесуэланың бас бақылаушысы он бес жылға дисквалификациялаған еді. Содан кейін сот шешімін күткен болатын.
2023 жылғы қазанда оппозиция мен Мадуро үкіметі арасында еркін және әділ сайлау өткізу және осы арқылы АҚШ салған мұнай сатуға қатысты санкцияларды жеңілдету туралы келісім жасалды.
Алайда Мария Корина Мачадоның дисквалификациясын Венесуэланың Жоғарғы соты 2024 жылғы қаңтарда растады. Сонымен қатар, 2023 жылғы Венесуэла референдумына дауыс берудің нашарлығынан кейін Венесуэланың бас прокуроры Тарек Уильям Сааб оппозиция жетекшілерін референдумға саботаж жасады деп айыптап, олардың он бесін мемлекетке опасыздық және қастандық жасады деген сияқты айыптармен қамауға алуға ордер берді. Бұл АҚШ-пен жасалған келісімге қарамастан, 2024 жылғы президенттік сайлау қарсаңында саяси оппозицияны басу әрекеті болып көрінді. Оппозиция негізгі кандидатының сайлануға жіберілмей қалғандығынан АҚШ Мадуро үкіметі өз міндеттемелерін орындамады деп мәлімдеді де, 2024 жылғы сәуірде мұнай санкцияларын қалпына келтірді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы, Америка мемлекеттерінің ұйымы, Еуропа Одағы және Human Rights Watch сияқты ұйымдар, сондай-ақ Колумбия, Парагвай, Уругвай, Эквадор, Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Германия, Чили, Канада және Франция сияқты елдер, оппозицияның алдын ала кандидаты Мария Корина Мачадоның саяси дисквалификациясын қабылдамады.
Барысы Венесуэла президенті дауыс берудің бір айналымындағы дауыстың көпшіліг көмегімен сайланады. 2024 жылғы 5 наурызда Венесуэладағы Ұлттық сайлау кеңесі президенттік сайлауды 2024 жылғы 28 шілдеге тағайындады, сонымен қатар сайлау кестесіндегі оқиғалар мен күндерді жариялады: №Іс-шараКүніСтатусыБасыАяғы 1 Сайлау тағайындалуы5 наурыз 2024 Аяқталды 2 Сайлаушы тізілімінің арнайы тіркелу күні 18 наурыз 2024 16 сәуір 2024 Аяқталды 3 Бағынатын ұйым мүшелерінің таңдалуы20 наурыз 2024 Аяқталды 4 Президенттікке үміткерлердің тіркелуі 21 наурыз 2024 25 наурыз 2024 Аяқталды 5 Сайлаушы тіркеу алаңы16 сәуір 2024 Аяқталды 6 Сайлауалды үгіт 4 шілде 2024 25 шілде 2024 Аяқталды 7 Президент сайлануы28 шілде 2024 Аяқталды
Венесуэладағы сайлауларға Ұлттық сайлау кеңесі (CNE) жауапты.
Тәуелсіз бақылаушылар Сайлаудың өтуін қадағалаған тәуелсіз халықаралық бақылаушылар өте аз болды.
Картер орталығы 2024 жылғы 20 маусымда Картер орталығы сайлау нәтижелерінің заңдылығына нұқсан келтіруі мүмкін жеткілікті тәуелсіз бақылаушылардың жоқтығына қатысты алаңдаушылыққа жауап ретінде бақылаушы жіберуге келісті. BBC хабарлауынша, Картер орталығы 4 қалаға жіберілген 17 сарапшыдан тұрған бір «шағын техникалық топ» ғана жіберді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Оппозицияның сайлау нәтижелерін мойындаудан бас тартқанынан кейін 2024 жылғы 25 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымы төрт бақылаушы жіберетінін хабарлады. Біріккен Ұлттар Ұйымының тобы Венесуэладағы болашақ сайлауға қатысты ұсыныстарды қамтитын БҰҰ Бас хатшысына құпия баяндаманы дербес дайындайды.
Шақырылған бақылаушылары BBC News хабарлағандай, Мадуро «өз үкіметімен одақтас елдерден келген жүздеген қонақтарды қарсы алды», олардың айтуынша, олар дауыс беруге «ілесіп жүреді» және үкіметті сынай алмайды; Clarin баспасы «бақылаушылар шектеулі болды және Венесуэлада өз пікірін білдіре алмады» деп те мәлімдеді.
Infobae бақылаушы ретінде қабылданған қонақтар Мадуро әкімшілігінің «одақтастары» болды, олар сайлау барысы жайлы сын айтпайды да, басқаларына кіруге рұқсат етілмейді.
Еуропа Одағы 2024 жылғы 28 мамырда CNE басшысы және Мадуро одақтасы Элвис Аморосоға қарсы қолданыстағы санкцияларға сілтеме жасай отырып, CNE Еуропа Одағының бақылаушыларына жіберген шақыруын қайтарып алды.