Х. Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасы – Батыс Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген қала құрылысы және сәулет ескерткіші.
Ораналсқан жері Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 166/1.
Кезеңі 1838 жыл, сәулетші – А.А. Гопиус.
Тарихи деректер Ғимарат Орал әскери канцеляриясы үшін шамамен 1838 жылы салынған XIX ғасырдағы сәулет ескерткіші болып табылады. Ғимарат жобасының сәулетшісі болып А. А. Гопиус саналады. Ескерткіштің өзі – спассикалық стильде салынған екі қабатты ғимарат. Кейінірек канцелярияны Орал казак әскерінің әскери шаруашылық басқармасына өзгертті. 1871 жылы ғимаратта алғашқы қоғамдық кітапхана ашылды. Кеңес уақытында мұнда әскери бөлім мен басқа да мекемелер орын алды. 1961 жылы А.П. Гайдар атындағы Батыс Қазақстанның облыстық балалар кітапханасы құрылды. Кітапхананың атауы 2016 жылы белгілі жазушы, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, осы аймақтың тұрғыны Хамза Есенжановтың атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Батыс Қазақстандық облыстық кітапхана болып өзгертілді.
Бүгінгі күні кітапхананың кітап қоры 199 572 мың бірлікке тең. Жыл сайын ол 21 000-нан астам оқырмандарға қызмет көрсетеді.Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9
Дереккөздер
Санат:Батыс Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан кітапханалары