Самұрық-Энерго — Қазақстандағы ең ірі көп бейінді энергетикалық холдинг. Жалғыз акционері — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.

Тарихы Жұмыс істеп тұрған өндіруші қуаттарды жаңарту және жаңаларын салу бойынша ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты әзірлеу мен оны іске асыру мақсатында 2007 жылғы 18 сәуірде құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімімен «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы құрылды. Құрылған кезде «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ Қоғамның құрылтайшылары болды. Акционерлік қоғам 2007 жылы 10 мамырда тіркеуден өтті.

Қызметі Электр энергиясын өндіру Жылу энергиясын өндіру Электр энергиясын беру және тарату Энергетикалық көмір өндіру

Еншілес компаниялар 2024 жылғы шілде айындағы мәлімет бойынша төмендегі компаниялардың 10%-дан көп акциясына иелік етеді: Электр энергиясын беру және энергиямен жабдықтау «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (99,16%) Электр және жылу энергиясын өндіру «Алматы электр Станциялары» АҚ (100%) «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС (100%) «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ (50%) «Балқаш ЖЭС» АҚ (100%) «Өскемен Энерго» ЖШС (50%) «Семей Энерго» ЖШС (50%) «Кокшетауская ТЭЦ» ЖШС (50%) «Шүлбі СЭС» АҚ (92,14%) «Өскемен ГЭС» АҚ (89,99%) «Бұқтырма ГЭС» АҚ (96,32%) «Шардара ГЭС» АҚ (100%) «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС (100%) «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС (100%) «Ereymentau Wind Power» ЖШС (100%) «Energy Solutions Center (ESC)» ЖШС (100%) «Энергия Семиречья» ЖШС (25%) Qazaq Green Power PLC (100%) «У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электростанциясы» АҚ «Samruk-Green Energy» ЖШС «Казгидротехэнерго» ЖШС «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС

Көмір өндіру Forum Muider B.V. (50%) «Богатырь Көмір» ЖШС Forum Muider Limited (50%)

Басшылары Ерлан Упушев (2007—2012) Алмасадам Сәтқалиев (2012—2018) Бақытжан Жоламанов (2018—2021) Сұңғат Есімханов (2021—2022) Серік Түйтебаев (2022—2023) Қайрат Мақсұтов (2023—)

Дереккөздер