D8 мемлекеттік жолы ( немесе , Адрия магистралі) — Хорватияның солтүстік және оңтүстік Адрияны байланыстыратын басты мемлекеттік жолдарының бірі. Бұл жол Адрия теңізінің солтүстік жағалауымен бойлай өтіп жатыр, сондықтан Адрия магистралі деп аталады. Ол XX ғасырдың 50-60 жылдары салынды және жол коды D8 болып табылады. Соңғы жылдары Адрия туристік жолы ретінде де танымал, ал Хорватия аумағындағы ұзындығы 643,8 шақырымды құрайды .

D8 жолы Риеканы, Задарды, Шибеникті, Сплитті, Макарсканы, Плочаны және Дубровникты, сондай-ақ Хорватия мен Черногория арасындағы Карасовичи шекара өткеліне дейінгі жағалау бойында қалаларды байланыстырады және Черногорияның оңтүстігінде аяқталады. Жол Хорватия, Босния және Герцеговина, Черногория арқылы, сонымен қатар Приморье-Горски Котар, Лика-Сень, Задар, Шибеник-Книн, Сплит-Далмация және Дубровник-Неретва жупаниялары арқылы өтеді.

Көлік ағыны Көлік ағыны Хорватияның Hrvatske Ceste компаниясы тарапынан тұрақты түрде есептеліп, хабарланып отырады. Орташа жылдық және орташа маусымдық (жаз мусымында) көлік ағындарының арасындағы елеулі айырмашылықтар жолдың туристік қозғалысты белсенді тасымалдауымен байланысты.

D8 мемлекеттік жолындағы көлік ағыны айтарлықтай өзгереді, себебі жол дамыған немесе дамушы туристік аймақтар арқылы өтеді. Сонымен қатар, бұл жол Риека, Задар және Сплит сияқты Хорватияның ірі қалаларына жақын орналасқан, бұл да көлік ағынына үлкен әсер етеді. Нәтижесінде, D8 мемлекеттік жолының ең жүктелген бөлігі Сплитте (Солин мен Стобречь арасында) орналасқан, мұнда ең жоғары орташа жылдық көрсеткіштері жиі тіркеліп, Хорватиядағы ең жүктелген магистральді жол учаскелерінің көрсеткіштерінен әлдеқайда асып түседі. Ал D8 жолындағы ең төменгі көлік ағыны Карлобаг маңында байқалады, мұнда туризм салыстырмалы түрде аз дамыған және ірі қалалардың жоқтығы әсер етеді. Сплиттегі (Солин мен Стобречь) орташа жылдық көрсеткіші Карлобагтағы көрсеткіштерден шамамен 50 есе жоғары.

Көлік ағынының статистикасы Санақ орны ОЖККА ЖОККА Ескертпелер 2801 Пасьяк 4 939 8 574 Шекара өткелі, 30px|link=A7 (автомагистраль, Хорватия) жолына кірер алдында 2816 Пермани 6 836 5 486 30px және 30px қиылыстары арасында 2804 Мучичи 5 273 5 977 30px қиылысында 2809 Павловац 8 739 11 228 30px және 30px қиылыстары арасында 2917 Кострена 8 970 12 307 30px қиылысында 2923 Цриквеница 8 326 14 752 30px қиылысында 2928 Нови Винодолски 6 100 13 838 30px және 30px қиылыстары арасында 2929 Сень 5 196 12 145 30px қиылысында 4102 Свети Юрай 3 370 8 372 30px және 30px қиылыстары арасында 4105 Влака 2 737 6 997 30px қиылысында 4207 Карлобаг 1 093 2 320 30px қиылысында 4802 Стариград (Пакленица) 3 793 7 750 30px қиылысында 4803 Селине 2 300 5 224 30px және 30px қиылыстары арасында 4810 Мурвица 12 307 17 102 30px қиылысында 4814 Сукошан 6 971 12 055 30px және 30px қиылыстары арасында 5305 Пировац 4 887 9 723 30px және 30px қиылыстары арасында 5308 Шибеник 14 417 22 056 30px қиылысында 5309 Гребштица 5 191 9 273 30px қиылысында 5407 Марина 4 301 8 374 30px қиылысында 5423 Солин 42 951 47 133 30px және 30px қиылыстары арасында 5422 Стобречь 49 990 56 833 30px және 30px қиылыстары арасында 5901 Йесенице 11 419 16 805 30px қиылысында 5909 Мимице 5 856 9 933 30px қиылысында 5910 Брела 7 280 15 275 30px қиылысында 6004 Живогошче 3 456 7 546 30px қиылысында 6005 Градац 4 704 8 811 30px қиылысында 6010 Роготин 7 807 13 738 30px қиылысында 6501 Клек 5 776 10 833 Шекара өткелі 6503 Затон Доли 3 456 7 546 30px және 30px қиылыстары арасында 6503 Затон 7 669 13 085 30px қиылысында 6602 Купари 12 010 16 827 30px қиылысында 6603 Груда СБ 3 573 5 197 30px қиылысында 6603 Груда ОШ 2 743 5 102 30px қиылысында ОЖККА: орташа жылдық күнделікті көлік ағыны ЖОККА: жазғы орташа күнделікті көлік ағыны СБ: солтүстік-батыс ОШ: оңтүстік-шығыс

Дереккөздер

Санат:Хорватия жолдары