Йоав Галант (, 8 қараша 1958 жыл) — израильдік саясаткер, елдің бұрынғы қорғаныс министрі, Израиль қорғаныс армиясының Оңтүстік қолбасшылығын басқарған бұрынғы қолбасшы. 2015 жылғы қаңтарда саясатқа қадам басып, Кулану партиясына қосылды. Кнессетке сайланған соң құрылыс министрі қызметіне тағайындалды. 2018 жылдың соңында Ликуд партиясына қосылып, Израильдің алия және интеграция министрі, білім министрі, құрылыс министрі және қорғаныс министрі (желтоқсан 2022–қараша 2024) болды.
2024 жылғы 21 қарашада Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Йоав Галант 2023 жылғы 8 қазаннан 2024 жылғы 20 мамырға дейін Газа секторында жасалған әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстар үшін күдіктелді де, оны қамауға алу туралы жарлық шықты.
Өмірбаяны Йоав Галант Яффада поляк еврей иммигранттары отбасында дүниеге келген. Оның анасы Фрума, Польша тумасы, 1947 жылы «Экзодус» кемесіне мінген жолаушылардың бірі болды. Бұл кеме еврей босқындарын, Холокостты бастан өткергендерді, Палестинаға жеткізген еді.
2022 жылдың соңынан 2024 жылдың қарашасына дейін Израильдің қорғаныс министрі қызметін атқарды. 2023 жылғы 26 наурызда Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху оның сот реформасын сынағаны үшін Галантты министрліктен босату туралы шешім қабылдады.
2024 жылғы 5 қарашада Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Йоав Галантты қорғаныс министрі лауазымынан босатты,Netanyahu fires Gallant amid US elections as Israel braces for Iran attack. By Еliav Breuer, Tovah Lazaroff. NOV 5, 2024 20:00Прем'єр Ізраїлю звільнив міністра оборони Галанта. 06.11.2024, 00:07 оның орнына Израиль Сыртқы істер министрі Исраэль Кацты тағайындалды.
Әскери қылмыстары 2024 жылғы 20 мамырда Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры 2023 жылғы 7 қазаннан кейін Палестина аумағында (Газа секторында) адамзатқа қарсы қылмыстар жасағаны үшін Йоав Галант пен Беньямин Нетаньяхуға қарсы қамауға алу бұйрықтарын шығаруды талап етті.Statement of ICC Prosecutor Karim A.A. Khan KC: Applications for arrest warrants in the situation in the State of Palestine
2024 жылғы 21 қарашада Халықаралық қылмыстық соттың алдын ала сот ісін қарау палатасы () Палестина мемлекетінде болған жағдайға қатысты Израиль мемлекетінің Рим статутының 18 және 19-баптарына сәйкес көтерген шағымын мойындамай, бір ауыздан екі шешім қабылдады. Сот Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галантқа қарсы қамауға алу бұйрығын шығарды.Situation in the State of Palestine: ICC Pre-Trial Chamber I rejects the State of Israel’s challenges to jurisdiction and issues warrants of arrest for Benjamin Netanyahu and Yoav Gallant. // Press Release: 21 November 2024 МКС видав ордер на арешт Нетаньягу через події в Секторі Гази. 21.11.2024, 14:06
Дереккөздер
Санат:Израиль саясаткерлері Санат:Хайфа университеті түлектері Санат:Израиль қорғаныс министрлері Санат:Израиль құрылыс министрлері Санат:Израиль абсорбция министрлері Санат:Ликуд партиясы мүшелері Санат:Кнессет депутаттары Санат:Генерал-майорлар (Израиль) Санат:Халықаралық қылмыстық сот іздеу жариялағандар