Айымдос Ерсайынұлы Бозжігітов (5 қаңтар 1956, Володар ауданы, Көкшетау облысы) — қазақстандық дипломат, елші. II дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші және техника ғылымдарының кандидаты.

Өмірбаяны 1956 жылы 5 қаңтарда Көкшетау облысы, Володар ауданы, Қазан ауылында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы) дүниеге келді.

Білімі 1979 жылы Қарағанды политехникалық институтын “мұғалім-инженер” мамандығы бойынша тәмамдап, 2000 жылы Қазақстан СІМ Дипломатиялық академиясында және 2003 жылы Лондонның экономика мектебінде тәжірибеден өтті.

Мансабы 1979—1980 — Қарағанды политехникалық институты комсомол комитетінің хатшысы; 1980—1983 — Қарағанды политехникалық институтының ассистенті; 1983—1992 — Қазақ политехникалық институтының, Алматы сәулет-құрылыс институтының аспиранты, ғылыми қызметкері, оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі; 1992—1993 — “Қазпромэкспорт” бас директорының орынбасары; 1993—1995 — Қазақстанның Түркиядағы Сауда үйінің бас директоры; 1995—1997 — Nakosta компаниясының бас менеджері; 1997—1998 — “Техноинвест” компаниясының директоры; 1998—2002 — Дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс департаментінің директоры, директордың орынбасары, Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету департаментінің директоры; 2002—2006 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы; 2006—2015 — Қазақстанның Армениядағы елшісі; 2015—2018 — Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі; 2018—2021 — “Сыртқы саясатты зерттеу институты” АҚ төрағасы.

Жеке өмірі Үйленген, жұбайы Баян Бозжігітова (1958 туған). Балалары: ұлы — Әмір (1979 туған) және қыздары — Айгерім (1986 туған) мен Айша (1988 туған) Бозжігітовтер.

Марапаттары мен атақтары Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001); Қазақстан президентінің құрмет грамотасы (2002); Құрмет ордені (2007); Астанаға 10 жыл медалі (2008); Қазақстан президентінің алғысы (2010); Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі (2011); Қазақстан премьер-министрі орынбасарының алғысы (2012); Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі (2015); Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі (2016); Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл медалі, Қазақстан президентінің алғысы (2017); Астанаға 20 жыл медалі, Парасат ордені, Қазақстан Сыртқы істер министрінің Құрмет грамотасы (2018);

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның Армениядағы елшілері Санат:Қазақстанның Қырғызстандағы елшілері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті оқытушылары Санат:Техника ғылымдарының кандидаттары