нобай|оңға|Көреген Олегтің Смоленскіге жорығы, 882 жыл, XV ғасырлық сурет Варягтар (, ) — викинг болған жаулап алушылар, саудагерлер мен қоныстанушылар. Негізінен қазіргі Швеция жерінен келген варягтар VIII, IX ғасырларда қазіргі Беларусь, Украина мен Ресей жерлеріне қоныс аударды да, Киев Русі, Полоцк пен Туров кінәздігі сияқты мемлекеттер құрды.

XII ғасырлық Өткен жылдар хикаятының хабарлауынша Русь халқы деп аталған варягтардың бір тобы 862 жылы Новгород қаласында қоныс алды да, оларға жетекшілік еткен Рюрик еді. Рюрикке дейін Русь Орыс қағанаты деп аталатын ертерек болған гипотетикалық мемлекетті басқарған болуы мүмкін. Рюриктің туысы Олег 882 жылы Киевті жаулап алып, Киев Русі мемлекетін құрды да, кейін оны Рюриктің ұрпақтары басқарды.

Сауда, қарақшылық және жалдамалы қызметпен айналысатын варягтар Гардарики өзендері мен порттарын аралап жүрді, норвег сагаларындағы Қара теңізден солтүстіктегі жерлердің белгілі болғаны сол себептен келеді. Олар Еділ сауда жолын (варягтар мен мұсылмандар арасындағысы) бақылап отырды және осылайша Балтық маңын Каспий теңізімен және Қара теңіз бен Константинопольге апаратын Днепр мен Днестр сауда жолын (варягтар мен гректер арасындағысы) байланыстыратын. Кезінде бұл жолдар өте маңызды еді, өйткені ортағасыр Еуропасын, Аббасилер халифатын және Византияны байланыстыратын. Батыстағы монеталардың біразы Шығыстан осы жолдар арқылы келетін.

Константинополь байлығына қызыққан Варягтық Русь Русь-Византия соғыстарын бастады, кейбірлері тиімді сауда келісімдері жасалды. Кем дегенде X ғасырдың басынан бастап көптеген варягтықтар элиталық Варяг қарауылын (Византия императорларының оққағары) құрайтын Византия армиясында жалдамалы жауынгер ретінде қызмет етті. Соңында олардың көпшілігі Византия мен Шығыс Еуропада скандинавиялық паганизмнен православиелік христиандыққа көшті, бұл 988 жылғы Киев Русінің христиандандыруына әкелді. Викингтер дәуірінің жалпы құлдырауымен тұспа-тұс келген скандинавтардың Руське келуі тоқтатылды да, варягтар XI ғасырдың соңына қарай шығыс славяндармен біртіндеп ассимиляцияланды.

Дереккөздер

Санат:Византия империясы армиясы