Әділбек Әлешұлы Қасымәлиев (; 1 желтоқсан 1960 жыл, Түп ауданы, Ыстықкөл облысы) — қырғызстандық саясаткер, 2024 жылғы желтоқсаннан бергі Қырғызстан Министрлер Кабинетінің төрағасы — Қырғызстан президенті әкімшілігінің жетекшісі.

Ерте жылдары Әділбек Қасымәлиев 1960 жылғы 1 желтоқсанда, Ыстықкөл облысының Түп ауданындағы Долон ауылында дүниеге келген.

1984 жылы Қасымәлиев Ленинград қаржы-экономика институтындағы оқуын бітіріп, экономист болды.

Мансабы 2015–2018 жылдары Қасымәлиев елдің Экономика және қаржы министрі болды.

Екі жыл бойы, 2022 жылдан 2024 жылға дейін премьер Ақылбек Жапаровтың орынбасары болып қызмет етті. Жапаров жемқорлық жасады деген айып көрді де, 2024 жылғы 16 желтоқсанда отставкасын жариялауға мәжбүр болды.

2024 жылғы 18 желтоқсанда Қасымәлиев елдің жаңа премьер-министрі болып тағайындалды.

Марапаттары және атақтары Қасымәлиевтің атақтары: 3-сыныпты Мемлекеттік кеңесші; 2-дәрежелі Салық қызметінің мемлекеттік кеңесшісі; Қырғыз Республикасының құрметті экономисі.

Қасымәлиевтің марапаттары: Қырғызстан Қаржы министрлігінің «Қаржы-экономикалық жұмыстың үздігі» белгісі; Қырғыз Республикасының Құрмет грамотасы; «Қырғызстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі; «Қырғыз Республикасы Әлеуметтік қорының үздігі» төсбелгісі.

Дереккөздер

Санат:Санкт-Петербург мемлекеттік экономика университеті түлектері Санат:Қырғызстан саясаткерлері Санат:Қырғызстан экономистері Санат:Қырғызстан экономика министрлері Санат:Қырғызстан премьер-министрлері Санат:Қазіргі мемлекет басшылары