23 наурыз қозғалысы — Конго Демократиялық Республикасының шығысында әрекет ететін көтерілісшілер тобы. Бұл ұйым Ұлттық конгрестің халықтық қорғанысы (ҰКХҚ) негізінде құрылған және этникалық тутси азшылығының мүддесін қорғайды. Топтың атауы 2009 жылдың 23 наурызында жасалған бейбіт келісімге байланысты қойылған.
2012 жылдың сәуір айында тутси қарулы жасақтары генерал Боско Нтаганда басшылығымен көтеріліс бастады. Сол жылдың жазында көтерілісті басу операциясына Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік күштері тартылды.
2022 жылдың 20 қазанында қарулы топ Конго Демократиялық Республикасының шығысында шабуыл бастады, нәтижесінде мыңдаған адам босқынға айналды. Шабуылдардан кейін Конго үкіметі Руанданы және оның президенті Поль Кагамені көтерілісшілерді қолдады деп айыптады. Алайда Руанда бұл айыптауларды жоққа шығарды. 2022 жылдың қараша айында M23 көтерілісшілері Гома қаласына жақындап, шамамен 180 000 адамның үйлерін тастап шығуына себеп болды.
2025 жылғы 27 қаңтарда M23 қарулы тобы Гома қаласын өз бақылауына алды. 16 ақпанда көтерілісшілер Букаву қаласын оккупациялады.
Дереккөздер
Санат:Конго Демократиялық Республикасы Санат:Тутси