Евгений Харлампиевич Чикаленко (; 21 желтоқсан 1861 жыл, Перешоры – 20 маусым 1929 жыл, Прага) — украиндық қоғам қайраткері, филантроп, жер иеленуші, көсемсөзші және меценат. 1917 жылы Орталық рада сайланымы бастамашыларының бірі болған. XX ғасырдың басында болған Ресей империясындағы жалғыз украинтілді газеталарын қаржыландырғаны арқылы ол украин ұлттық жандануына үлкен үлес қосты.

Чикаленко түрлі салаларда меценат еді: Уманец-Комаровтың Орыс–Украин сөздігін (Львов, 1893–1898) қаржыландырды; 1000 рубль сыйлық бергені және гонорарын төлегенімен (Киевская старина) журналына көмектесті; украин жазушыларына көмектесу мақсатымен Львовтағы Даниил Мордовцев қорын құрды; революциялық украин партиясының Львовтағы «Селянин» («Ауыл адамы») газетін қаржыландырды; Львовтағы Академия үйі негіздеушілерінің бірі болды.

Орталық рададағы мүшелігі кезінде Чикаленко еврей қоғамының украин ұлттық қозғалысына қосылғанын қалады, оған қоса, еврейлер мен украиндар арасындағы шиеленісті болдырмау үшін еврейлердің Ресей орыстандыруына дейін украинша сөйлегенін айтып жүрді.

Украинтілді баспаларды қаржыландыруға дайын болған Чикаленко, оған қоса, украин тұлғалары салынған Илья Репин суреттеріне тапсырыс беретін: Михаил Коцобински, Михаил Грушевский, Владимир Винниченко, Иван Франко мен Ольга Кобылянская сияқтылар.

Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін Киевтегі Пушкин көшесі Евгений Чикаленко құрметіне аталып кетті.

Дереккөздер

Санат:Харьков университеті түлектері Санат:Елисаветград нағыз училищесі түлектері Санат:Украина қоғам қайраткерлері Санат:Украина агрономдары Санат:Украина меценаттары Санат:Украина баспагерлері Санат:Украина көсемсөзшілері