нобай|Шөл раушаны Аутигендік минералдар ( — жергілікті жерден шыққан) — шөгінді жыныстар тұнған жерінде қалып, кейін әртүрлі өзгерістерге ұшырағанда пайда болатын минералдар.
Бұларға әртүрлі карбонаттар, ерімтал тұздар, кварц, барит, целестин, дала шпаттары, цеолиттер т.б. минералдар жатады. Олар шөгінді жыныстардың табиғи жағдайда жаралу жолдарын және олардың тұнудан кейін қандай өзгерістерге ұшырағанын көрсетеді.Қазақстан энциклопедиясы, I том.
Шөлдерде сульфаттар (барит, целестин, гипс) мен хлоридтер көбірек кездеседі, ал далада карбонаттар (кальцит, доломит, сидерит) басымырақ болады.
Дереккөздер
Тағы қараңыз Терриген шөгінділер
Санат:Минералдар