Ботабай Садықов (23.2.1916 жылдары туған, Сайрам ауданы) – соғыс және еңбек ардагері. Кеңес Одағының Батыры (17.10. 1943). Ұлты – өзбек.
Қызыл Армия қатарына 1939 жылдары шақырылды. Соғыс басталғанда Бас командованиенің резервіндегі Қызыл тулы 1-гвардиялық жеңіл-артиллерия полкі құрамында болды. Днепрден өту кезінде ерлік пен батырлық үлгісін көрсетіп, Губино деревнясы аймағында жаудың 8 пулемет ұясын, 3 зеңбірегін, миномет батареясын жойды. Соғыстан кейін туған жерінде еңбек етті.
Ленин, Еңбек Қызыл Ту, 1, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған."Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:23 ақпанда туғандар Санат:1916 жылы туғандар Санат:Сайрамда туғандар Санат:18 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:1992 жылы қайтыс болғандар Санат:Сайрамда қайтыс болғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО сержанттары мен старшиналары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қайсарлығы үшін медалінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысы артиллеристері Санат:Днепр үшін шайқасқа қатысушылар Санат:Сайрамда жерленгендер Санат:Қазақстан өзбектері