Мемлекеттік қауіпсіздік аға майоры () — 1935-1943 жылдар аралығындағы КСРО ІІХК және МҚХК басшылық құрамның арнайы атағы (КСРО ІІХК әскерлерінің әскери қызметкерлері мен ІІХК жұмысшы-шаруа милиция қызметкерлерін қоспағанда). Бұл арнайы атақтан төмен — мемлекеттік қауіпсіздік майоры, ал дәрежесі жағынан келесі атақ — 3-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары.

Мемлекеттік қауіпсіздік аға майоры арнайы атағы (1937-1943 ж. үлгідегі ілгектерде 2 ромб болды) ЖШҚӘ дивком әскери дәрежесіне шартты түрде сәйкес келді.

Тарихы Мемлекеттік қауіпсіздік аға майоры арнайы атағы 1935 жылғы 7 қазандағы КСРО ОАК № 20 және КСРО ХКК № 2256 қаулыларымен енгізіліп, КСРО ІІХК МҚББ басшылық құрамына КСРО ІІХК 1935 жылғы 10 қазандағы № 319 бұйрығымен жарияланған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1943 жылғы 9 ақпандағы Жарлығымен жалпыәскери атақтарға ұқсас ІІХК органдардың қызметкерлеріне жаңа арнайы атақтар енгізіліп, мемлекеттік қауіпсіздіктің аға майоры атағы жойылды.

Айырым белгілері Қорғаныс халық комиссариаты мен ІІХК арасындағы келісімдерге байланысты Жеке бөлімдердегі айырым белгілері туралы мәселе біраз уақыт ашық қалды. ҚХК/ІІХК 1936 жылғы 23 мамырдағы № 91/183 бірлескен бұйрығымен «КСРО ІІХК МҚББ арнайы органдары туралы ереже» жарияланды, оған сәйкес жасырын әрекет мақсатында әскерлерде жұмыс істейтін ІІХК Жеке бөлімдерінің қызметкерлеріне әскери-саяси құрамның тиісті атақтары бойынша нысанды киімдер мен айырым белгілер белгіленді.

ІІХК 1937 жылғы 15 шілдедегі № 278 бұйрығымен айырым белгілерінің жүйесі өзгертілді. Жеңдік айырым белгілер жойылды.

Ілгектердің түрі өзгертілді. Ілгектер екі түрлі болды: гимнастерка немесе бешпентше үшін және шинел үшін. Гимнастерка ілгектері бастапқы пішіні мен өлшемін сақтап қалды. Шинелдікі ромб тәрізді, үстіңгі жақтары дөңес, ойыс болды. Ілгектің биіктігі 11 см, ені 8,5 см. Ілгектердің түсі өзгеріссіз қалды: қанық қызыл көмкермесі бар қалақай түсті.

Жұлдыздар мен бұрыштаманың орнына ЖШҚӘ қабылданған айырым белгілерге ұқсас белгілер орнатылды: жоғарғы басқарушы құрамға ромб, аға құрамға — тік төртбұрыштар, орта құрамға — шаршылар пайдаланылды.

Иелену тарихы ІІХК 1935 жылғы 29 қарашадағы № 794 бұйрығымен 42 чекистке мемлекеттік қауіпсіздік аға майоры атағы берілді. 1935 жылы желтоқсанда жекелеген бұйрықтармен ІІХК тағы 5 қызметкеріне МҚ аға майоры атағы берілді.

Мемлекеттік қауіпсіздік аға майорларының тізімі 29.11.1935 — Ошер Осипович Абугов (1899—1938), Киров өлкесі бойынша ІІХКБ басшысы 29.11.1935 — Михаил Константинович Александровский (1898—1937), УКСР ІІХК МҚБ жеке бөлім басшысы 29.11.1935 — Николай Николаевич Алексеев (1893—1937), КСРО ІІХК ГУЛАГ басшысының көмекшісі 29.11.1935 — Михаил Львович Андреев (1903—1988), Воронеж облысы бойынша ІІХКБ басшысының орынбасары 29.11.1935 — Рудольф Иванович Аустрин (1891—1937), Солтүстік өлкесі бойынша ІІХКБ басшысы 29.11.1935 — Борис Давыдович Берман (1901—1939), КСРО ІІХК МҚББ шетел бөлімі басшысының 1-орынбасары1937 ж. бастап — 3-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары. 29.11.1935 — Иосиф Михайлович Блат (1894—1937), Батыс облысы бойынша ІІХКБ басшысы 29.11.1935 — Павел Петрович Буланов (1895—1938), КСРО ІІХК хатшысы 29.11.1935 — Яков Маркович Вейншток (1899—1939), КСРО ІІХК кадр бөлімі басшысы 29.11.1935 — Захар Ильич Волович (1900—1937), КСРО ІІХК МҚББ жедел бөлімі басшысының орынбасары 29.11.1935 — Владимир Николаевич Гарин (1896—1940), Татар АКСР ІІХКБ басшысы 29.11.1935 — Яков Михайлович Генкин (1888—1970), КСРО ІІХК МҚББ есеп-статистика бөлім басшысы 29.11.1935 — Михаил Савельевич Горб (1894—1937), КСРО ІІХК МҚББ жеке бөлім басшысының орынбасары 29.11.1935 — Валерий Михайлович Горожанин (1889—1938), КСРО ІІХК МҚББ шетел бөлімі басшысының орынбасары 29.11.1935 — Борис Яковлевич Гулько (1897—1939), КСРО ІІХК МҚББ жедел бөлім басшысының орынбасары 29.11.1935 — Дмитрий Матвеевич Дмитриев (1901—1939), КСРО ІІХК МҚББ экономика бөлімі басшысының орынбасары1936 ж. бастап — 3-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары. 29.11.1935 — Николай Иванович Добродицкий (1899—1939), КСРО ІІХК МҚББ жеке бөлім басшысының орынбасары 29.11.1935 — Вячеслав Ромуальдович Домбровский (1895—1937), Курск облысы бойынша ІІХКБ басшысы 29.11.1935 — Семен Семенович Дукельский (1892—1960), Воронеж облысы бойынша ІІХКБ басшысы 29.11.1935 — Николай Андреевич Загвоздин (1898—1940), Өзбек КСР ішкі істер халық комиссары 29.11.1935 — Анс Карлович Залпетер (1899—1939), Батыс Сібір өлкесі бойынша ІІХКБ басшысының орынбасары 29.11.1935 — Василий Тимофеевич Иванов (1894—1938), Донецк облысы бойынша ІІХКБ басшысы 29.11.1935 — Владимир Михайлович Курский (1897—1937), Солтүстік Кавказ өлкесі бойынша ІІХКБ басшысының орынбасары 29.11.1935 — Фома Акимович Леонюк (1892—1967), Куйбышев облысы бойынша ІІХКБ басшысы1943 ж. бастап — мемлекеттік қауіпсіздік комиссары. 29.11.1935 — Тите Илларионович Лордкипанидзе (1896—1937), Қырым АКСР ІІХКБ басшысы 29.11.1935 — Александр Матвеевич Минаев-Цикановский (1888—1939), Челябі облысы бойынша ІІХКБ басшысы 29.11.1935 — Сергей Наумович Миронов (1894—1940), Днепропетровск облысы бойынша ІІХКБ басшысы 29.11.1935 — Иосиф Маркович Островский (1895—1937), КСРО ІІХК Әкімшілік-шаруашылық бөлім басшысы 29.11.1935 — Карп Александрович Павлов (1895—1957), Красноярск өлкесі бойынша ІІХКБ басшысы1939 ж. бастап — 2-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары. 29.11.1935 — Иван Петрович Попашенко (1898—1940), Азов-Қара теңіз өлкесі бойынша ІІХКБ басшысының орынбасары 29.11.1935 — Александр Павлович Радзивиловский (1904—1940), Мәскеу облысы бойынша ІІХКБ басшысының орынбасары 29.11.1935 — Наум Маркович Райский (1895—1937), Орынбор облысы бойынша ІІХКБ басшысы 29.11.1935 — Александр Борисович Розанов (1896—1937), Одесса облысы бойынша ІІХКБ басшысы 29.11.1935 — Анатолий Федорович Рутковский (1894—1943), КСРО ІІХК кадр бөлімінің белсенді резервінде 29.11.1935 — Эдуард Петрович Салынь (1894—1938), Омбы облысы бойынша ІІХКБ басшысы 29.11.1935 — Яков Исаакович Серебрянский (1892—1956), КСРО ІІХК МҚББ шетел бөліміндегі топ жетекшісі1945 ж. бастап — мемлекеттік қауіпсіздік полковнигі. 29.11.1935 — Михаил Архипович Степанов (1900—1940), Грузин КСР ІІХКБ басшысының орынбасары 29.11.1935 — Михаил Михайлович Тимофеев (1896—1977), Чернигов облысы бойынша ІІХКБ басшысы 29.11.1935 — Александр Иванович Успенский (1902—1940), Мәскеу Кремлі комендантының ішкі қауіпсіздік жөніндегі орынбасары1938 ж. бастап — 3-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары. 29.11.1935 — Владимир Дмитриевич Фельдман (1893—1938), КСРО ІІХК арнайы уәкілетті өкіл 29.11.1935 — Семен Григорьевич Фирин (1898—1937), ГУЛАГ басшысының орынбасары, КСРО ІІХК Дмитровский ЕТЛ басшысы 29.11.1935 — Николай Давыдович Шаров (1897—1939), Киев облысы бойынша ІІХКБ басшысы 04.12.1935 — Юлиан Львович Зверев (1895—1938), Түрікмен КСР ішкі істер халық комиссары 04.12.1935 — Лазарь Иосифович Коган (1889—1939), Мәскеу-Еділ арнасы құрылысының басшысы 04.12.1935 — Освальд Янович Нодев (1896—1938), Әзербайжан КСР ІІХКБ басшысының орынбасары 26.12.1935 — Арнольд Аркадьевич Арнольдов (1893—1938), Мәскеу облысы бойынша ІІХКБ басшысының көмекшісі 30.12.1935 — Сергей Арсентьевич Барминский (1900—1938), Қиыр Шығыс өлкесі бойынша ІІХКБ басшысының орынбасары 13.01.1936 — Авксентий Нарикиевич Рапава (1899—1955), ККФСР ІІХК МҚБ көлік басқармасы басшысы1940 ж. бастап — 3-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары. 19.07.1936 — Иван Андреевич Апетер (1890—1938), КСРО ІІХК Әкімшілік-шаруашылық басқармасының шипажайлық-курорттық бөлім басшысы 19.07.1936 — Яков Моисеевич Мороз (1898—1940), КСРО ІІХК Ухто-Ижемский ЕТЛ басшысы 07.10.1936 — Семен Григорьевич Гендин (1902—1939), Батыс облысы бойынша ІІХКБ басшысы 20.12.1936 — Станислав Мартынович Глинский (1894—1937), Париждегі ІІХК МҚББ шетел бөлімі резиденті 20.12.1936 — Борис Моисеевич Гордон (1896—1937), Берлиндегі ІІХК МҚББ шетел бөлімі резиденті 20.12.1936 — Ефим Фомич Кривец (1897—1940), Чернигов облысы бойынша ІІХКБ басшысы 20.12.1936 — Хачик Хлгатович Мугдуси (1898—1938), Армян КСР ІІХКБ басшысы 20.12.1936 — Александр Андреевич Пряхин (1899—1938), Уссурийск облысы бойынша ІІХКБ басшысы 20.12.1936 — Давид Моисеевич Соколинский (1902—1940), Днепропетровск облысы бойынша ІІХКБ басшысы 22.12.1936 — Михаил Иосифович Литвин (1892—1938), КСРО ІІХК кадр бөлімі басшысы 19.01.1937 — Михаил Александрович Волков (1900—1939), Ленинград облысы бойынша ІІХКБ басшысының көмекшісі 19.01.1937 — Натан Евнович Шапиро-Дайховский (1901—1938), Ленинград облысы бойынша ІІХКБ басшысының көмекшісі 20.01.1937 — Николай Васильевич Емец (1898—1939), Курск облысы бойынша ІІХКБ басшысы 10.02.1937 — Семен Борисович Жуковский (1896—1940), КСРО ІІХК ӘШБ басшысы 10.04.1937 — Герман Антонович Лупекин (1901—1940), Шығыс Сібір өлкесі бойынша ІІХКБ басшысы 10.04.1937 — Михаил Григорьевич Раев (1894—1939), Сталинград облысы бойынша ІІХКБ басшысы 13.06.1937 — Владимир Ефимович Цесарский (1895—1940), КСРО ІІХК МҚББ 8-бөлім басшысы 22.08.1937 — Григорий Федорович Горбач (1898—1939), Батыс Сібір өлкесі бойынша ІІХКБ басшысы 26.09.1937 — Федор Васильевич Рогов (1900—1938), Мәскеу Кремлі коменданты 29.09.1937 — Михаил Иванович Рыжов (1889—1939), КСРО ішкі істер халық комиссарының орынбасары 05.11.1937 — Исаак Ильич Шапиро (1895—1940), МҚББ 9-арнайы бөлім басшысы және КСРО ІІХК хатшылығы басшысыс 09.01.1938 — Борис Александрович Малышев (1895—1941), КСРО ІІХК МҚББ 1-бөлім басшысының орынбасары 22.03.1938 — Зельман Исаевич Пассов (1905—1940), КСРО ІІХК МҚББ 3-бөлім басшысының орынбасары 26.04.1938 — Николай Сидорович Власик (1896—1967), КСРО ІІХК МҚББ 3-бөлімдегі бөлімше басшысы 11.09.1938 — Богдан Захарович Кобулов (1904—1953), Грузин КСР ішкі істер халық комиссарының орынбасары 28.12.1938 — Алексей Николаевич Саджая (1898—1942), Өзбек КСР ішкі істер халық комиссары 28.12.1938 — Лаврентий Фомич Цанава (1900—1955), Беларус КСР ішкі істер халық комиссары 28.12.1938 — Петр Афанасьевич Шария (1902—1983), КСРО ІІХК хатшылығы басшысы1943 ж. бастап — 3-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары. 29.12.1938 — Соломон Рафаилович Мильштейн (1899—1955), КСРО ІІХК тергеу бөлігі басшысының орынбасары 03.01.1939 — Виктор Павлович Журавлев (1902—1946), Куйбышев облысы бойынша ІІХКБ басшысы 03.01.1939 — Степан Соломонович Мамулов (1902—1976), КСРО ІІХК хатшылығы басшысының 1-орынбасары 28.01.1939 — Виктор Михайлович Бочков (1900—1981), КСРО ІІХК МҚББ 4-бөлім басшысы 05.03.1939 — Сергей Егорович Егоров (1905—1959), КСРО ІІХК ГУЛАГ басшысының орынбасары 25.03.1939 — Степан Федорович Емельянов (1902—1988), Әзербайжан КСР ішкі істер халық комиссары 27.03.1939 — Михаил Максимович Гвишиани (1905—1966), Теңіз жағасы өлкесі бойынша ІІХКБ басшысы 13.04.1939 — Яков Федорович Родованский (1894—1954), Мәскеу қ. ІІХКБ жұмысшы-шаруа милиция басқармасы басшысының 1-орынбасары 30.04.1939 — Александр Семенович Панюшкин (1905—1974), КСРО ІІХК 3-арнайы бөлім басшысы1944 ж. бастап — мемлекеттік қауіпсіздік комиссары. 30.04.1939 — Иван Александрович Серов (1905—1990), КСРО ІІХК жұмысшы-шаруа милициясы бас басқармасы басшысы1939 ж. бастап — 3-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары. 30.04.1939 — Шалва Отарович Церетели (1894—1955), КСРО ІІХК 3-арнайы бөлім басшысының 1-орынбасары 13.06.1939 — Петр Николаевич Кубаткин (1907—1950), Мәскеу облысы бойынша ІІХКБ басшысы 02.11.1939 — Павел Тихонович Куприн (1908—1942), Хабаровск облысы бойынша ІІХКБ басшысы1941 ж. бастап — 3-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары. 14.03.1940 — Виктор Семенович Абакумов (1908—1954), Ростов облысы бойынша ІІХКБ басшысы 14.03.1940 — Григорий Петрович Андреев (1908—1981), КСРО ІІХК бас экономикалық басқармасы басшысының орынбасары1943 ж. бастап — мемлекеттік қауіпсіздік полковнигі. 14.03.1940 — Тимофей Михайлович Борщев (1901—1956), Түрікмен КСР ішкі істер халық комиссары 14.03.1940 — Семен Николаевич Бурдаков (1901—1978), Қазақ КСР ішкі істер халық комиссары