Нанай тілі (Nanay language) — тұңғыс-маньчжур тілдері отбасына кіреді, фузиясы және номинативті құрылысы бар жұрнақты-жалғамалы (суффиксті-агглютинативті) тілдерге жатады.
Референтті халық Референтті халық: нанайлар; өз атауы – нанай (ескір. – гольдтар), топтардың бірі самагирлер деп аталды.
Географиялық таралуы Нанай халқы Хабаровск өлкесінде негізінен Амур және Горин өзендерінің бойындағы ауылдарда, сондай-ақ Бикин өзеніндегі Приморск өлкесінде (Верхний Переваль және Красный Яр ауылдары) тұрады.
Хабаровск өлкесінің негізгі елді мекендері: Хабаровск ауданындағы Сикачи-Алян ауылы, Нанай ауданындағы Синда, Дада, Найхин, Даерга, Троицкое, Джри, Лидога, Жоғарғы Нерген ауылдары, Амур ауданындағы Вознесенское, Ачан, Дуен, Омми ауылдары, Солнечный ауданындағы Кондон ауылы, Комсомол ауданындағы Жоғарғы Экон, Төменгі Халбы, Белго ауылдары, Приморск өлкесіндегі елді мекендер: Пожар ауданындағы Жоғарғы Переваль және Красный Яр ауылдары.
Сонымен қатар, кейбір нанай тілінще сөйлеушілер Хабаровск, Амурдағы Комсомольск, Амурск қалаларында тұрады. Нанайлардың шағын тобы (хэчжэ) Қытайда, Сунгари мен Уссури өзендерінің арасында тұрады.
Диалектісі Үш диалектісі бар: жоғарғы, орта және төменгі Амур. кур-урмий жатады. Орта Амурға: сикачиалян, найхин, джуен. Төменгі Амур: болон, экон, горин диалектілері кіреді. Ең көп қолданыстағы найхин диалектісі - 4000 адам.
Жазуы 1931 жылы КСРО-ның нанай халқы үшін латын әліпбиіне негізделген әліпби, ал 1936 жылы орыс әліпбиіне негізделген жазу жүйесі (1963 жылы ішінара реформаланды) жасалды.
А а Б б В в Г г Д д Е е Ё ё Ж ж З з И и Й й К к Л л М м Н н Ӈ ӈ О о П п Р р С с Т т У у Ф ф Х х Ц ц Ч ч Ш ш Щ щ Ъ ъ Ы ы Ь ь Э э Ю ю Я я
Дереккөздер
Санат:Ресей тілдері