Нганасан тілі (Nganasan language) — орал тілдері отбасының самодий тобына кіреді, жұрнақты аффикстенуі бар жалғамалы (агглютинативті) тіл.

Референтті халық Референтті халық: нганасандар; өз атауы – ня (а) (ескір.самойед-тавгийлер).

Географиялық таралуы Қазіргі уақытта нганасандар негізінен Таймыр жеріндегі ауылдарда шоғырланған. В.П.Кривоноговтың деректері бойынша 1992–1994 жылдары нганасандықтардың таралуы келесідей болды: Волочанка ауылы — 392 адам (халықтың 43%), Усть-Авам ауылы — 295 (33%), Новая ауылы (83,9%), Дудинка (64,7%), сонымен қатар бірқатар тұрғындар Норильск қаласында және Тамыр түбегінің басқа да ауылдарында тұрады.

Диалектісі Нганасан тілі әдетте екі диалектіге бөлінеді: Авам (Усть-Авам және Волочанка ауылдары) және Вадеев (қазіргі Новая ауылы). Авам диалектісі кейде қосалқы диалектілерге де бөлінеді. Шындығында екі диалектінің айырмашылығы j дыбысының айтылуында (авам диалектісінде ол d’ болып өзгерген) және сөздік құрамындағы бірнеше айырмашылықтарға келіп, өзара түсіністікке кедергі келтірмейді.

Жазуы Нганасан тілі көптеген дереккөздерде жазуы жоқ (немесе кенжелеп қалған жазуы бар) тіл ретінде сипатталады. Нганасан әліпбиінің жобасын кириллица негізінде Н.М. Терещенко (1986 ж.) әзірледі. Нганасан жазуының қолданысы шектеулі, оны тек Санкт-Петербургтің А.И. Герцен атындағы университетінде оқығандар ғана қолданады.

Қазіргі нганасан әліпбиі: А аБ бВ вГ гД дЕ еЁ ёЖ жЗ зЗ̌ з̌И иЙ й’’К кЛ лМ мН нӇ ӈО оӨ өП пР рС сÇ çТ тУ уҮ үФ фХ хЦ цЧ чШ шЩ щЪ ъЫ ыЬ ьЭ эӘ әЮ юЯ я

Дереккөздер

Санат:Ресей тілдері