нобай|Натанзе ядролық қондырғысы Натанз ядролық қондырғысы () ресми атауы Шәһид Ахмади Рошан ядролық кешені () — Ирандағы ядролық нысандардың бірі. Бұл орталық уран байыту мақсатында Натанз қаласының маңында салынған. Иранның ядролық бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Бұл бағдарламаға қарсы салынған экономикалық санкциялар салдарынан оның болжалды құны 2–3 триллион АҚШ долларын құрайды. Нысанның жерасты байыту кешені шамамен 7,6 метр (25 фут) қалың бетон қалқанмен қорғалған.

Иран билігінің мәліметінше, бұл орталықтағы газ центрифугалары қауіпсіздік мақсатында және "әуе шабуылы болуы мүмкін" жағдайлардан қорғану үшін жер астына 40–50 метр (130–160 фут) тереңдікке орналастырылған.

Бұл ядролық орталықтың бары алғаш рет 2002 жылы Иранның Халықтық моджахедтер ұйымы тарапынан әшкереленген. 2025 жылдың маусым айында, Израиль–Иран соғысы кезінде бұл нысанға Израиль қорғаныс күштері (IDF) тарапынан жаппай әуе шабуылдары жасалды. Атом қуаты халықаралық агенттігінің басшысы Рафаэль Гросси атап өткендей, шабуылдар кезінде жер үстіндегі кешеннің бір бөлігі жойылған. 2025 жылдың 22 маусымында бұл нысанға АҚШ әскери күштері де әуе шабуылын жасаған.

Атауы 2012 жылдың ақпан айында, сол кездегі Иран президенті Махмұд Ахмадинежадтың қатысуымен, Ирандағы бес ядролық орталық пен бөлімнің атауы өлтірілген бес адамның құрметіне өзгертілді. Натанз ядролық нысанының атауы «Шәһид Ахмади Рошан ядролық кешені» болып өзгертілді. Бұл атау 2012 жылғы 11 қаңтарда қастандықпен өлтірілген Мостафа Ахмади Рошанның құрметіне берілген.

Оған дейін бұл ядролық нысан көршілес орналасқан қала атауымен — Натанз деп аталған. Қазіргі уақытта да бұл кешен халықаралық деңгейде бұрынғы атауымен — «Натанз ядролық нысаны» ретінде белгілі.

Нысандар Отынды байыту зауыты (FEP) — жалпы ауданы 100 000 шаршы метрді құрайды. Жерден 8 метр тереңдікке салынған және қалыңдығы 2,5 метрлік бетон қабырғамен қорғалған, оның сыртынан тағы бір бетон қабырға орнатылған. 2004 жылы нысанның шатыры арматураланған бетонмен бекітіліп, үстіне 22 метр топырақ төселген. Кешен шамамен жер астында үш қабат тереңдікте орналасқан және үш жерасты ғимаратынан тұрады. Олардың екеуі 50 000 центрифугаға арналған, қазіргі таңда шамамен 14 000 центрифуга орнатылған, оның 11 000-ға жуығы жұмыс істеп тұр. Жоғарғы жағында алты жерүсті ғимарат бар, олардың қатарына әрқайсысының ауданы 25 000 шаршы метр болатын екі зал кіреді — бұл залдар газ центрифугаларын құрастыруға арналған. Сондай-ақ, бірнеше әкімшілік ғимараттар да бар.

Пилоттық отынды байыту зауыты (PFEP) — FEP кешенінің құрамында, бірнеше жерүсті ғимараттарда орналасқан.International Atomic Energy Agency, “Implementation of the NPT Safeguards Agreement and relevant provisions of Security Council Resolutions 1737 (2006), 1747 (2007), 1803 (2008), and 1835 (2008) in the Islamic Republic of Iran,” Report by the Director General, 31 May 2010, https://www.iaea.org/newscenter/focus/iran/chronology-of-key-events Бұл нысан зерттеу, әзірлеу, сынақтан өткізу және пилоттық байыту жұмыстарына арналған. Зауыт 2003 жылы жұмысын бастаған. Бір үлкен залдан тұрады, бұл зал екі бөлікке бөлінген: бірі — зерттеу мен әзірлеуге, екіншісі — өндіріске арналған. Бұл нысан әрқайсысы 164 центрифугадан тұратын 6 тізбекті (каскадты) орналастыруға қабілетті. PFEP — Иранның жаңа центрифуга үлгілерін сынақтан өткізу үшін қолданатын негізгі орталығы. АҚХА (Атом қуаты халықаралық агенттігі) баяндамаларында бұл нысанда IR-1, IR-2m, IR-3, IR-4, IR-5, IR-6 және IR-6s үлгілерінің бар екені көрсетілген.International Atomic Energy Agency, “Implementation of the NPT Safeguards Agreement and relevant provisions of Security Council Resolutions in the Islamic Republic of Iran,” Report by the Director General, August 2013, https://www.iaea.org/newscenter/focus/iran/chronology-of-key-eventsInternational Atomic Energy Agency, “Implementation of the NPT Safeguards Agreement and relevant provisions of Security Council Resolutions in the Islamic Republic of Iran,” Report by the Director General, 25 May 2012, https://www.iaea.org/newscenter/focus/iran/chronology-of-key-events 2022 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша, Иран бұл жерде IR-8, IR-8b және IR-9 центрифугаларын сынап жатқан.

Тарихы

Анықтау, операциялар және кеңейту нобай|Натанз ядролық нысанының кіреберісі – ескі Кашан–Натанз жолының бойында орналасқан. 2002 жылы Иранның оппозициялық Ұлттық қарсылық кеңесі (NCRI) Натанз қаласында жасырын уран байыту нысанының бар екенін әшкерелеп, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алаңдаушылық тудырды. Бұл бұрын құпия болған орындардың бірі – 2002 жылдың тамызында Ализера Жафарзаденің әшкерелеуімен жария болған екі нысанның бірі еді.

2003 жылы Иран үкіметі бұл нысандардың бар екенін ресми түрде мойындағаннан кейін, Атом қуаты халықаралық агенттігі (АҚХА) оларды тексерді. Тексеру нәтижесінде Иранның ядролық бағдарламасы АҚШ барлау қызметі болжағаннан әлдеқайда дамығаны анықталды. Натанздағы байыту нысанының алғаш рет әшкереленуі және Иранның АҚХА-мен толық ынтымақтаспай қоюы Иран мен Батыс державалары арасындағы шиеленісті күшейтті.

2003 жылдың ақпан айында АҚХА Бас директоры Мұхаммед әл-Барадеи Натанз нысанына барып, онда 160 центрифуга дайын тұрғанын және тағы 1 000-ы құрылыс сатысында екенін хабарлады. Сол жылдың ішінде АҚХА инспекторлары Натанзда жоғары дәрежеде байытылған уран (HEU) бөлшектерін тапты. Иран бұл материалдың ластануы жеткізуші елден болғанын айтты, бірақ оелдің атын атамады. Иранның сол уақытқа дейін күшінде болған кепілдіктер туралы келісіміндегі қосымша келісімнің 3.1-тармағына сәйкес, Иран Натанз байыту нысаны туралы АҚХА-ға уран материалдары нысанға енгізілмей тұрып алты ай бұрын ғана мәлімдеуге міндетті болған жоқ.

2004 жылдың шілде айында еуропалық елдермен жүргізілген келіссөздер барысында бұл зауыттағы уран байыту жұмыстары тоқтатылды. 2006 жылы Иран уран байытуды қайта бастайтынын мәлімдеді. 2007 жылдың қыркүйегінде Иран үкіметі Натанзда 3 центрифуга орнатқанын жариялады. 2010 жылы Иран үкіметі Атом қуаты халықараллық агенттікке (АҚХА) болашақтағы уран байыту бағдарламалары Натанзда жүзеге асырылатынын және олар 2011 жылдың наурызында басталатынын хабарлады.

2005 жылдың тамызында Махмұд Ахмадинежад Иран президенті болып сайланғаннан кейін, үкімет АҚХА-мен ынтымақтастық бағытынан бас тартты. 2006 жылғы 10 қаңтарда Иран Натанз нысанынан АҚХА-нің бақылау мөрлерін алып тастап, уран байытуды қайта бастады. Бұл процесте уран алтыфториді (UF6) газы негізгі байыту зауыты (FEP) мен пилоттық байыту зауытындағы (PFEP) центрифугаларға енгізілді.International Atomic Energy Agency, “Implementation of the NPT Safeguards Agreement in the Islamic Republic of Iran,” Report by the Director General, 28 April 2006, www.iaea.org; International Atomic Energy Agency, “Implementation of the NPT Safeguards Agreement and Relevant Provisions of Security Council Resolution 1737 (2006) in the Islamic Republic of Iran,” Report by the Director General, 22 February 2007, www.iaea.org. АҚХА деректеріне сәйкес, 2009 жылы Натанзда шамамен 7 000 центрифуга орнатылған, олардың 5 000-ы төмен байытылған уран өндіріп тұрған. 2010 жылдың тамызында АҚХА Иран Натанздағы Пилоттық отын байыту зауытында уранды 20%-ға дейін байыту үшін 164 центрифугадан тұратын екінші каскадты іске қосқанын хабарлады.

2010 жылы Иран үкіметі мен АҚХА растаған мәлімдемеге сәйкес, Пилоттық отынды байыту зауытында (PFEP) уран гексафторидін (UF6) 20%-ға дейін байыту басталғаны хабарланды.International Atomic Energy Agency, “Implementation of the NPT Safeguards Agreement and relevant provisions of Security Council Resolutions 1737 (2006), 1747 (2007), 1803 (2008), and 1835 (2008) in the Islamic Republic of Iran,” Report by the Director General, 18 February 2010, https://www.iaea.org/newscenter/focus/iran/chronology-of-key-events Сол жылдың шілде айынан бастап Иран өндірістік залда әрқайсысы 164 центрифугадан тұратын екі өзара байланысты IR-1 каскадына UF6 енгізе бастады. 2013 жылғы мамыр айындағы жағдай бойынша, Иран PFEP нысанында 20%-ға дейін байытылған 177,8 кг UF6 өндірген.International Atomic Energy Agency, “Implementation of the NPT Safeguards Agreement and relevant provisions of Security Council Resolutions in the Islamic Republic of Iran,” Report by the Director General, August 2013, https://www.iaea.org/newscenter/focus/iran/chronology-of-key-events Бұл жағдай Иранның ядролық қару жасауға жақындауы мүмкін деген алаңдаушылықты күшейтті, өйткені 20%-ға дейін байытылған уранның үлкен қоры қару-жарақ деңгейіндегі уранды өндіруге кететін уақытты екі есе қысқартады. 2021 жылғы сәуір айында Иран PFEP нысанында IR-4 және IR-6 центрифугаларын пайдалана отырып, UF6-ны 60%-ға дейін байытуды бастады.

2013 жылдың қаңтарында Иранның Атом энергиясы ұйымының өкілі Ферейдоун Аббаси былай деді: „Бес пайыздық уран байыту Натанда жалғасуда, ал біз өз қажеттілігімізді қамтамасыз ету үшін Фордо мен Натанда 20 пайыздық байытуды жалғастырамыз“.

2013 жылдың қараша айында P5+1 елдерімен жасалған уран байытуды қысқарту жөніндегі келісім аясында, АҚХА тарапынан Натанз нысанын күнделікті тексеру жүргізуге келісім жасалды.

2020 жылдың шілде айында Иранның Атом энергиясы ұйымы жуырда болған жарылыстан кейін центрифуга құрастыруға арналған нысан деп болжанған ғимараттың фотосуреттерін жариялады. Кейінірек аты-жөні жарияланбаған Таяу Шығыс барлау қызметінің өкілі бұл нысандағы зақым жарылғыш құрылғының салдарынан болғанын мәлімдеді.

2020 жылдың қазан айында Ядролық қаруды таратпау зерттеулер орталығы (Center for Nonproliferation Studies) Иранның Натанз ядролық нысаны маңында жерасты зауытын сала бастағанын растайтын спутниктік суреттерді жариялады. Атом қуаты халықаралық агенттігі бұл әрекетті жетілдірілген центрифуга құрастыру зауытын салуға бағытталған алғашқы қадамдар деп сипаттады.

2020 жылдың қараша айында Атом қуаты халықаралық агенттік (АҚХА) Иран Натанз нысанында жаңадан орнатылған жерасты каскадына – 174 жетілдірілген IR-2m центрифугасына – уран гексафторидін (UF6) енгізе бастағанын хабарлады. Бұл әрекет Бірлескен жан-жақты іс-қимыл жоспарына (JCPOA) қайшы еді. 2020 жылдың желтоқсанында АҚХА Тегеранның JCPOA аясында рұқсат етілген мөлшерден 12 есе артық байытылған уран қоры бар екенін және Натанз маңында жаңа жерасты нысандарының құрылысы басталғанын мәлімдеді.

2021 жылдың наурыз айында Иран 2015 жылғы ядролық келісімді бірнеше рет бұза отырып, Натанз нысанында үшінші жиынтық жетілдірілген IR-4 ядролық центрифугаларымен уран байытуды қайта бастады.Iran using advanced uranium enrichment at prior exploded facility 10 сәуірде Иран Натанзта жетілдірілген IR-5 және IR-6 центрифугаларына уран гексафториді газын енгізуді бастады, алайда келесі күні электр тарату жүйесінде апат болғаны туралы хабар тарады.'Accident' at Iran's Natanz nuclear facility after centrifuge activation 11 сәуірде Иранның Ислам Республикасы жаңалықтар агенттігі (IRNA) бұл оқиға электр қуатының үзілуінен болғанын, зардап шеккендер мен радиоактивті заттың сыртқа таралуы болмағанын мәлімдеді. Кейінірек бұл оқиға Израиль ұйымдастырған шабуыл болуы мүмкін деген ақпараттар пайда болды.

2022 жылдың 14 сәуірінде Reuters агенттігі көрген есепте Атом қуаты халықаралық агенттік (АҚХА) Иран Натанз нысанында уран байытатын центрифугаларға арналған бөлшектерді жасайтын жаңа шеберхананы іске қоса бастағанын хабарлады. Бұл шеберханада бұрын жабылған Караджа зауытынан көшірілген жабдықтар пайдаланылатыны айтылды.

2022 жылдың 29 сәуірінде Атом қуаты халықаралық агенттіктің (АҚХА) бас директоры Рафаэль Гросси мәлімдегендей, Иран Натанз нысанында центрифуга бөлшектерін өндіруге арналған жаңа шеберхананы жерасты кеңістігінде орналастырған. Бұл шешім, болжам бойынша, мүмкін болатын шабуылдардан қорғау мақсатында қабылданған.