нобай|оңға|Тәжік ұлттық киімі, дәстүрі мен аспаптары бейнеленген 2015 жылғы пошта маркасы
Ұлттық бірлік күні () — Тәжікстанда белгіленген ресми мерекелердің бірі. 27 маусымда тойланатын бұл мерекені 1998 жылғы 22 мамырдағы «Мереке күндері туралы» Заңы мен Тәжікстан Еңбек заңнамасының 83-бабы бекіткен.
Алғышарттары Мейрам ұзаққа созылған азамат соғысынан кейін бекітілді: Тәжікстан үкіметі мен біріккен тәжік оппозициясы арасында бейбітшілік орнады да, 1997 жылғы 27 маусымда Мәскеуде «Тәжікстандағы бейбіт пен ұлттық ынтымақ туралы ортақ келісім» жасалды.
Барысы Тәжікстандағы Ұлттық бірлік күні — жұмыс күні емес. Дәстүр бойынша осы күні бүкіл елде мерекелік іс-шаралар, соның ішінде концерттер орын алады.
Дереккөздер
Санат:Тәжікстан мейрамдары Санат:Тәжікстан тұрғындары