Төкешева Бағира (18 Сәуір 1950 жылы туған, Жамбыл облысы Мерке ауданы Т.Рысқұлов ауылы) – медицина ғылымының докторы (2002).

Қысқаша өмірбаяны: 1972 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген. 1972–1976 жылдары Жамбыл облысы Тараз қалалық ауруханасында дәрігер. 1976 жылдан Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу инстиутында ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.

«Немедикаментозные методы в комплексном лечении больных инфарктом миокарда» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. «Жүрек инфарктін емдеуде физикалық факторлардың қолданылуы» монографиясы бар.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер:

Санат:1950 жылы туғандар