Андреас Буллер (1961 жылы туған) — неміс және орыс текті философ, тарих философиясы мен практикалық этика саласының маманы. Ол тоталитаризмнің моралі, тарихи таным және «із» философиясы туралы еңбектерімен танымал.
Өмірбаяны Андреас Буллер 1961 жылы Қазақ КСР-нің Абай қаласында Ресей немістерінің отбасында дүниеге келген. Оның ата-анасы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін еңбек лагеріне жер аударылған. Балалық шағын Қарағанды қаласында, бұрынғы Карлаг мекемесінің барагында өткізді — бұл орын кезінде әскери тұтқындар мен саяси жазаланушылар үшін пайдаланылған.Kölbl, Andreas. Andreas Buller aus Waiblingen: Russlanddeutscher und Putin-Kritiker // Waiblinger Zeitung, 19 сәуір 2023.
1984 жылы ол Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін үздік тәмамдады. Диплом жұмысы «Карл Маркс және Ресей» тақырыбына арналды. Зерттеу барысында ол Маркстың Ресей империясының сыртқы саясаты жөніндегі сыншыл көзқарастарымен алғаш рет Б. Д. Рязановтың редакциясымен 1923 жылы жарық көрген Очерки по истории марксизма жинағындағы үзінділер арқылы танысты.Рязанов, Д. Б. Очерки по истории марксизма. — 1923. — IV бөлім: «Взгляды Маркса и Энгельса на внешнюю политику». Осы жарияланған фрагменттер Маркстың Ресейдің XVIII–XIX ғасырлардағы дипломатиясы мен сыртқы саясатына қатысты сыни пайымдарын көрсетіп, Буллердің кеңестік марксизмге деген алғашқы күмәндерінің қалыптасуына ықпал етті.
1990 жылдан бері Германияда тұрады. Германияда жүрген кезінде де Маркстың еңбектеріне қызығушылығын жалғастырды. 2002 жылы Хагендегі FernUniversität in Hagen университетінде «Die Geschichtstheorien des XIX Jahrhunderts…» тақырыбында философия докторы (Dr. phil.) дәрежесін қорғады.Буллер, Андреас. Die Geschichtstheorien des 19. Jahrhunderts. Berlin: Logos, 2002. — 214 б. — ISBN 978-3-8325-0089-4.
Қазіргі уақытта Андреас Буллер Штутгарттағы Swiss International School мектебінде философия пәнінен сабақ береді.
Ғылыми қызметі Буллер неміс, орыс және ағылшын тілдерінде ғылыми жұмыстар жариялайды. Оның зерттеу салаларының негізгі бағыттары — тарих философиясы, тарихи таным, уақыт ұғымы,Буллер, Андреас. Вечность, время, тишина // Вторая навигация, №18, 2025. «із» концепті,Буллер, Андреас. Философия следа. URL: https://sovrusfil.ru/andreas-buller-filosofiya-sleda өлім мәселесін түсіндіру, тоталитарлық тіл және В. С. Соловьёвтың мұрасы.Буллер, Андреас. В. С. Соловьёв и современность. Москва: Наука, 2018. Оның зерттеулерінде iздi эпистемологиялық категория ретiнде мәселесі ерекше арын алады.
Ол «із» философиясы туралы еңбектер циклін жазды:Буллер, Андреас. Три лекции о понятии след. Алетейя, 2016.Буллер, Андреас. Следы и слои времени. Академическая книга, 2022.Буллер, Андреас. Эпистемология следа… // Философский полилог, 2020.
Буллер еңбектері кәсіби тарихшылардың назарын аударды.Линченко, Андрей. В поисках следов прошлого. Российское Общество интеллектуальной истории.Репина, Л. П. Историки в поисках эпистемологических аргументов. Studia Slavica et Balcanica Petropolitana, 2019.
2016 жылы ол неміс оқырманына арналған Theorie und Geschichte des Spurbegriffs атты еңбегін жариялады.Buller, Andreas. Theorie und Geschichte des Spurbegriffs. Tectum, 2016. Бұл тақырып 2026 жылы жарық көрген немiс тіліндегі Epistemologie der Spur. Eine Untersuchung zur Medialität, Hermeneutik und Ethik der Spur («Iз эпистемологиясы. Іздің медиалдылығы, герменевтикасы және этикасы туралы зерттеу») монографиясында одан әрі дамытылды.Buller, Andreas. Epistemologie der Spur. Eine Untersuchung zur Medialität, Hermeneutik und Ethik der Spur. Würzburg: Königshausen & Neumann, 2026. — 230 б. — ISBN 978-3-8260-9951-9.
«Із» ұғымы оның өлім мәселесі жөніндегі зерттеулерімен де байланысты. Бұл тақырып Тарих философиясындағы және әдебиеттегі өлім мәселесі атты еңбегінде талданады.Буллер, Андреас. Тема смерти в философии…. Алетейя, 2019.
2023 жылы жарық көрген Мораль және тоталитаризм тілі атты монографиясында ол большевизм, нацизм және путинизм идеологияларындағы тілдік механизмдерді салыстырды.Буллер, Андреас. Мораль и язык тоталитаризма. LIT Verlag, 2023. Еңбектің ағылшын тіліндегі нұсқасы да жарық көрді.Buller, Andreas. Morality and Language of Totalitarianism…. LIT Verlag, 2023.
Буллер сондай-ақ Р. Козеллек, С. Л. Франк, А. Шопенгауэр және XX ғасырдың басындағы орыс діни философиясы туралы мақалалар жазды.Buller, Andreas. Человек, природа, смерть… // Соловьёвские исследования, 2020. Тарих факультеттерінің студенттері үшін Тарих теориясына кіріспе атты оқу құралын әзірледі.Буллер, Андреас. Введение в теорию истории. Юрайт, 2018.
Қабылдау және сын Буллердің еңбектері түрлі контекстте талқыланды. Әсіресе тоталитаризмнің моралі мен тіліне арналған еңбегі кең аудиторияда қызығушылық тудырды. Ресейлік оппозициялық саясаткер Максим Кац бұл кітапты өзінің YouTube арнасында талдады; Президент билігі неге негізделген? атты видеосы 800 000-нан астам қаралым жинады.Кац, Максим. Основа путинизма…. YouTube, 2023.
Журналистік талдаулар қатарында Холод порталы жариялаған сұхбат та бар, онда Буллер Третий рейх пен заманауи Ресейдің үгіт-насихат тәсілдерін салыстырады.Буллер, Андреас. Пропаганда Третьего рейха… Холод, 2023. 2026 жылы Прагада шығатын «Русское слово» журналы Буллермен «Свобода — самый главный дар» атты сұхбат жариялады.Михайлова, Лина. Андреас Буллер: Свобода — самый главный дар // Русское слово. — 2026. — № 4 (238). — С. 44–49. — ISSN 1214-1771.
2025 жылы Швейцарияда оның орыс тіліндегі Балалар мен ересектерге арналған философия туралы әңгімелер атты кітабы жарық көрді.Буллер, Андреас. Рассказы о философии…. Sandermoен Publishing, 2025.
Қазақстанмен байланысы Андреас Буллер — Қазақстанда туып-өскен философ. Оның ғылыми қызығушылықтары Қарағанды мемлекеттік университеті жылдарында қалыптасты. Дәл осы кезеңде ол тарихи таным теориясына және тарих философиясына бет бұрды.
1988–1989 жылдары ол ҚарМУ-дың тарих факультетінде ғылыми қызметкер болды. 2018 жылы осы университетте тарих теориясы бойынша дәрістер оқыды.
Таңдамалы еңбектері Die Geschichtstheorien des 19. Jahrhunderts. Berlin: Logos, 2002. Три лекции о понятии след. Санкт-Петербург: Алетейя, 2016. Следы и слои времени. Санкт-Петербург: Академическая книга, 2022. Theorie und Geschichte des Spurbegriffs. Marburg: Tectum, 2016. Тема смерти в философии, истории и литературе. Санкт-Петербург: Алетейя, 2019. В. С. Соловьёв и современность. Москва: Наука, 2018. Die Kommunismusidee in der russischen Religionsphilosophie. Berlin: Logos, 2009. Введение в теорию истории. Москва: Юрайт, 2018. Мораль и язык тоталитаризма. Berlin: LIT Verlag, 2023. — ISBN 978-3-643-25084-1. Google Books Morality and Language of Totalitarianism. Moral Basics of Putinism. Berlin: LIT Verlag, 2023. — ISBN 978-3-643-91447-2. Google Books Рассказы о философии для детей и взрослых. Цуг: Sandermoен Publishing, 2025. Archive.org
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер ORCID profile of Andreas Buller Андреас Буллердің жеке сайты Sandermoен Publishing сайтындағы кітап беті
Санат:Философтар Санат:Неміс философтары Санат:Германия азаматтары Санат:Қарағанды мемлекеттік университетінің түлектері Санат:Қазақстанда ғалымдар