нобай|Халықаралық лингвистикалық олимпиаданың логотипі Халықаралық лингвистикалық олимпиада (ХЛО, немесе Лингвистикадан халықаралық олимпиада, ) — орта мектеп оқушыларына арналған халықаралық ғылыми олимпиадалардың бірі. Олимпиада алғаш рет 2003 жылы Болгарияның Боровец қаласында өтті және содан соң жыл сайын өткізілді.https://ioling.org/history/

Сайыстың мақсаты — оқушыларды математикалық, теориялық және қолданбалы лингвистикамен таныстыруhttps://ioling.org/https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/592735, сонымен қатар тіл алуантүрлігі мен тіл жойылуына жастардың назарын аударуhttps://ioling.org/regulations/.

Форматы Олимпиаданың негізгі ерекшелігі – жеке және командалық жарыстардың болуы. Жеке жарыс тіл білімінің негізгі салаларына (фонетика, морфология, семантика, синтаксис, социолингвистика және т.б.) қатысты бес есептен тұрады. Жеке жарысқа алты сағат беріледі.https://ioling.org/faq/

Екінші ХЛО-дан бастап топтық жарыста бір қиындығы жоғары, ауқымды есеп төрт сағаттың ішінде шешуге ұсынылады. Бұл кезеңге төрт адамнан тұратын бір команда мүшелері қатысады және сайыс кезінде тапсырмаларды бірге талқылап шеше алады.

Олимпиадада барлық тапсырмалар қатысушылардың ана тілдеріне аударылады. Басқа халықаралық сайыстардан ерекше, аударманы көптілді тәуелсіз Есеп Комитеті () келтіреді. Белгілі бір тілмен немесе тіл отбасысымен таныс қатысушыларға артықшылық бермеу үшін есеп тақырыбы ретінде жиі алыс аймақтардың шағын тілдері таңдалады. Тапсырмалардың көбінде бейтаныс тілдегі деректер мен олардың аудармасына сүйене отыра сол тілдің ережелері мен ерекшеліктерін анықтау қажет.

Сонымен, лингвистикалық олимпиада есептерін шешу үшін тіл білуге қарағанда логика мен талдамдық ой қабілеттері маңыздыhttps://daryn.kz/pol514/IOLkz.pdf.

Жүлде санағы Ең кем дегенде жеке сайыстың 1 алтын медалі бар елдер келтірілген. Тізім 2026 жылға дейін өзекті.https://ioling.org/results/by_year/ Санақ алтын медаль санына байланысты. +ОрынЕлҚатысу саныҚатысушы саныАлтынКүмісҚолаБарлығыҚұрмет грамота119156304033103262231862428491012731710821201758224 (2022 жылға дейін)1815617314088215221691429256845614100101016362071575716184111817104692237199 (англофон)93666820610181445823363011жеке қатысушы5204792001213833711211813126035101814142399334102015138321818332016129221616342517166921111211418736296176191710927716112012642671517212310317192719222310015121814231886151117142410401561212255201236426 (2017 жылға дейін)62411469

Дереккөздер

Санат:Халықаралық оқушылар олимпиадалары