Мұхаммед Дулати ескерткіші – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген монументтік өнер ескерткіші.

Орналасқан жері Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бас ғимаратының алды.

Кезеңі, авторы 1998 жылы; жеткшісі – Б.К. Бішімбев, мүсінші – Д. Әлдехан, Н. Рүстемов, сәулетші – О. Әуезов.

Сипаты М.Х. Дулати – мемлекет қайраткері, белгілі тарихи еңбек Орталық Азия және Қазақстан бойынша негізгі түпнұсқа "Тарих және Рашидидің" авторы. Есерткіш композициясы классикалық дәстүр үлгімен берілген, биік тұғырға бойымен қойылған бейне қозғалыс үстінде берілген, ғимарат алдында асқақ көрінеді. Ескерткіш мысты қашау техникасымен жасалған, биіктігі 3,0 м. Тұғырының биіктігі 3,0 м, жобасы 1,6х1,6 м, қызыл тегіс гранит тақталармен қапталған. Беткі жағында "Көрнекті ғалым-тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати, 1498-1551 жылдар" деген сөздер келтірілген. Тұғыр астында Дулати жерленген (Индия, Кашмир провинциясы) жер Сринагар қаласынан әкелінген топырақ салынған капсула қойылған. Бұл туралы ескерткіштің төменгі жағына жазылған жазулар айғақтайды.С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7

Дереккөздер

Санат:Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Жамбыл облысы сәулеті Санат:Жамбыл облысы ескерткіштері