Жанұзақ Қуанышұлы Уразов (17 наурыз 1956, Сағыз ауылы, Қызылқоға ауданы Гурьев облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мұнай инженері, Теңіз және Королевское кен орындарын игеру жобаларының негізгі ұлттық мамандарының бірі, Теңізшевройл компаниясының (ТШО) ұзақ жылдар бойы жетекші инженерлік және өндірістік бөлімшелерінде қызмет атқарған. «Құрмет» орденінің иегері (2023).

Өмірбаяны Уразов Жанұзақ Қуанышұлы 1956 жылы 17 наурызда Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылында дүниеге келген. Руы Адай, Кіші жүз.

Мектепті тәмамдаған соң Алматыдағы политехникалық институтының «Мұнай кен орындарын игеру» факультетіне оқуға түсіп, жоғары білім алған. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін еңбек жолын «Эмбанефть» өндірістік бірлестігінің Орталық ғылыми-зерттеу зертханасында (ЦНИЛ) бастады.

«Эмбанефть» және алғашқы кәсіби тәжірибе Еңбек жолының бастапқы кезеңінде ЦНИЛ құрамында мұнай кен орындарында гидродинамикалық және технологиялық зерттеулер жүргізіп, Прорва–Сарықамыс өңіріндегі барлау және бастапқы сынау жұмыстарына қатысты. Сондай-ақ Теңіз кен орны бойынша алғашқы сынамаларды алу жұмыстарына қатысқан алғашқы мамандардың бірі болды.

1988–1993: «Тенгизнефть» НГДУ 1988 жылы ол «Тенгизнефть» басқармасына ауысып, ЦНИПР құрамында жетекші инженер, зертхана меңгерушісі және ЦНИПР цехының бастығы қызметтерін атқарды. Бұл кезеңде ол ұңғымаларды зерттеу, оларды іске қосуға дайындау және өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастыру жұмыстарын басқарды.

1991 жылы Теңіз кен орнындағы алғашқы өндірістік ұңғыманы іске қосу жұмыстарына тікелей қатысты.

1993–2023: «Теңізшевройл» (ТШО) 1993 жылы ТШО құрылуына байланысты компанияның алғашқы ұлттық мамандарының бірі ретінде жұмысқа қабылданып, келесі маңызды қызметтерді атқарды: мұнай инженериясы бөлімі басшысының орынбасары; кен орнын игеру басқармасы (Reservoir Management) басшысының орынбасары; өндіріс департаментінің нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы.

ТШО-дағы негізгі еңбегі Уразов Жанұзақ Қуанышұлы жетекшілік еткен және қатысқан негізгі бағыттар: Теңіз және Королёвское кен орындарының қорларын ЦКЗ-да қорғау және бекіту; ұңғымаларды зерттеу, сынау және игеру әдістемесін жетілдіру; ұңғымаларды зерттеу бағдарламаларын дамыту және жаңа технологияларды енгізу; Теңіз ГПЗ-дан келетін ағынды суларды көму полигонын дайындау; геодинамикалық полигон құру; межколондық қысымдарды басқаруға арналған бесжылдық бағдарламаларды әзірлеу; Теңіз және Королёвское кен орындарын игерудің Технологиялық схемасын дайындау және авторлық қадағалау; жас мамандар мен өндірістік практиканттарды даярлау және тәлімгерлік жүргізу.

Ол ТШО мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы барлық геолого-техникалық жобалар бойынша негізгі үйлестіруші мамандардың бірі болды.

Жеке өмірі мен отбасы Жанұзақ Уразов қарапайым интеллигенттер отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Қуаныш Оренбург педагогикалық институтын бітіріп, Сағыз ауылына жас маман ретінде келіп, ұзақ жылдар ұстаз болып қызмет етті. Жанұзақтың екі әпкесі – Тәрбие мен Зейнеп – жоғары білімді математика мамандары. Отбасында мұнайшылар болмағанымен, оның мұнай-газ саласын таңдауына жездесі, КазНИГРИ ғалымы, Мәскеуде кандидаттық диссертация қорғаған Дініш Дияровтың кәсіби жетістігі үлкен әсер етті. Осы оқиға болашақ маманның кәсіби бағытын айқындап, оны Алматыдағы политехникалық институтының мұнай кен орындарын игеру факультетіне түсуге ынталандырдыhttps://pricom.kz/obshhestvo/pervaya-proba.html?ysclid=mh30cyvx29858698985.

Марапаттары «Құрмет» ордені — Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша, ТШО-ның 30 жылдығына орай және мұнай-газ саласына қосқан еңбегі үшін (2023)https://egemen.kz/article/339298-memleket-basshysy-birqatar-azamatty-marapattady.

ТШО және ҚР мұнай-газ саласының ведомстволық марапаттары.

Әдебиеттер

Дереккөздер

Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Қазақстан мұнайшылары