Төленов Маккам (28 Тамыз 1933 жылы туған, Түркістан облысы Төле би ауданы Георгиевка (қазіргі Көксаяқ) ауылы) – медицина ғылымының докторы (1980), профессор (1991).

Қысқаша өмірбаяны: 1955 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық мединалық университеті) бітірген. 1955–1957 жылдары ауруханада дәрігер. 1957–1959 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында ординатор. 1959–1976 жылдары Хирургия институтында ғылыми қызметкер. 1976–1981 жылдары КСРО Медициналық ғылымдар академиясында бөлім меңгерушісі. 1981–1996 жылдары Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институтында директордың орынбасары. 1996 жылдан бөлім меңгерушісі қызметін атқарады.

150-ден астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер: