«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы (; ) — Қазақстан Республикасындағы педагогтердің біліктілігін арттыруды, ересектерді оқытуды, сондай-ақ білім беру жүйесіне әдістемелік және ғылыми-талдамалық сүйемелдеу көрсетуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты ұйым.https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/about/structure/organization/leadership/574/1?lang=kk

Миссиясы Педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, олардың өмір бойы білім алуға деген ынтасын қолдау, сапалы білім беру мазмұнын қалыптастыру және кәсіби білім алушы қауымдастықта инновациялық білім мен тәжірибенің алмасуын қамтамасыз ету.

Тарихы Орталықтың қалыптасу тарихы 1948 жылдан бастау алады. Сол жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен бірқатар облыстарда педагогтердің біліктілігін арттыру институттары құрылды. 1950–1952 жылдары бұл желі Ақмола, Алматы және Жамбыл облыстарында кеңейтілді.https://orleu-edu.kz/

2012 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагог кадрларының біліктілігін арттыру республикалық институты мен өңірлік институттар біріктіріліп, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

2021 жылы орталықтың бас кеңсесі Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілді. 2023 жылы Түркістан облысында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында өкілдіктер ашылды. 2025 жылы Түркістан облысында филиал жұмысын бастады.https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1048368

Басқару және құрылымы Орталықтың корпоративтік басқару жүйесіне:

жоғарғы орган — Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі; басқару органы — Директорлар кеңесі; алқалы атқарушы орган — Басқарма; қаржылық-шаруашылық қызметке бақылау жүргізетін орган — Ішкі аудит қызметі жатады.

2025 жылғы жағдай бойынша орталықтың институционалдық желісі 16 өңірлік филиал мен 3 өкілдіктен тұрады. Кадрлық құрамында 743 қызметкер бар, оның ішінде оқу қызметін жүзеге асыратын 283 педагог жұмыс істейді. Ұйымдық құрылым Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 7 ақпандағы №133-СД шешімімен бекітілген.

Қызметі және халықаралық ынтымақтастық Орталық педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы саласында білім беру бағдарламаларын іске асырады, ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізеді және білім беру жүйесіне талдамалық қолдау көрсетеді.

Ұйымның институционалдық қызметі Германияның ACQUIN агенттігі жүргізген халықаралық аккредитация арқылы расталған.https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1096715?lang=kk Сондай-ақ орталықтың 12 білім беру бағдарламасы IAAR агенттігінің халықаралық бағдарламалық аккредитациясынан өткен.

Орталық педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады. ЮНЕСКОhttps://iite.unesco.org/news/the-national-centre-for-professional-development-orleu-with-the-support-of-unesco-iite-launched-a-large-scale-teacher-training-in-the-field-of-ai/?utm_source және ЮНИСЕФ ұйымдарымен бірлескен жобалар, сондай-ақ British Council серіктестігіндегі AELLCA бағдарламасы іске асырылуда.https://kazakhstan.britishcouncil.org/programmes/english-programmes/english-in-education/aellca-accelerating-english-language-learning-central-asia?utm_source

«Өрлеу» қызметкерлері IPDA және ISTE сияқты халықаралық кәсіби қауымдастықтарға қатысады, ал негізгі халықаралық серіктестері қатарына Colby College (АҚШ), RCEC (Нидерланд), University of Houston (АҚШ), А. Авлони атындағы Ұлттық біліктілікті арттыру институты (Өзбекстан) және NILE (Ұлыбритания) кіреді. Халықаралық бастамаларды сараптау мақсатында Консультациялық кеңес құрылған. Сонымен қатар, орталық шетелде қазақ тілінде сабақ беретін педагогтерге біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.https://orleu-edu.kz/%D1%81%D0%B5%D1%80%D1%82%D0%B8%D1%84%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%82%D1%8B-%D0%BE%D1%82-%D3%A9%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%83-%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D1%83%D1%87%D0%B8%D0%BB%D0%B8-112-%D0%BF%D0%B5%D0%B4%D0%B0/

«Өрлеу» қызметкерлері ғылыми және әдістемелік еңбектерін отандық және халықаралық рецензияланатын басылымдарда жариялайды, сондай-ақ республикалық және өңірлік ғылыми-әдістемелік журналдар мен педагогикалық басылымдарды шығарады.

Басылымдар тізімі +Журнал атауы (қазақ және орыс тілдерінде)Журнал түрі1«ШҚО Педагогика жаршысы» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал ғылыми-әдістемелік журнал2«Ұстаз әлемі» ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті газет3«Құзыретті педагог» Республикалық  ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-танымдық журнал ғылыми-әдістемелік журнал4Республикалық педагогикалық журналы «Bilim KZ»ғылыми-әдістемелік журнал5«Тренер- Education» Республикалық ақпараттық-әдістемелік журнал ғылыми-әдістемелік журнал6«Педагогикалық ғылым және практика» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналғылыми-әдістемелік журнал7«Бiлiм-инфо» ақпараттық-әдістемелік хабаршысы жаршы8«Өрлеу-Шымкент» Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал ғылыми-әдістемелік журнал9«Педагогикалық Альманах» Кәсіби (ғылыми-әдістемелік) журналғылыми-әдістемелік журнал10«Хабаршы» Атырау ғылыми-әдістемелік журналы ғылыми-әдістемелік журнал11«Білім берудегі менеджмент» ақпарат-әдістемелік хабаршысы жаршы12«Педагогикалық даму» ақпараттық-педагогикалық журналақпараттық-педагогикалық журнал13"Мұғалім журналы" Республикалық ғылыми-әдістемелік журналғылыми-әдістемелік.журнал14«Ustaz» ғылыми-әдістемелік журналы                     ғылыми-әдістемелік.журнал15«Zhaiyk ustazy» ақпараттық, танымдық, әдістемелік газеті ғылыми-әдістемелік.журнал16«Маңғыстау әдіскері» Республикалық  ғылыми-әдістемелік танымдық  журнал ғылыми-әдістемелік және танымдық журнал17«Өрлеу. Үздіксіз білім жаршысы» ғылыми журналығылыми журнал18«Өрлеу. Тиімді сабақ» әдістемелік журналыәдістемелік журнал19«Педагогикалық ізденіс» ақпараттық ғылыми-әдістемелік журналғылыми-әдістемелік журнал20«Master.KZ» ақпараттық агенттік (электрондық газет) газет21«БІЛІМ БЕРУДЕГІ БАЛАЛАР-БАЛАЛАРҒА БІЛІМ БЕРУ» ақпараттық агенттік (электрондық газет) газет22Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы «Хабаршы» ғылыми-әдістемелік журнал23Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы «Orleu EDU Turkistan» ғылыми-әдістемелік журналы

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның ғылыми мекемелері __INDEX__ Санат:Білім Санат:Қазақстан білім министрлері Санат:Өрлеу