Дүйсенқұл Сарықұлұлы Сарықұлов (6.7.1906, Отырар ауданы – 1998, Алматы) – қоғам қайраткері, журналист, экономика ғылым докторы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген гидротехнигі, КСРО-ның еңбек сіңірген гидротехнигі.

1927 – 32 жылдары комсомол және партия қызметтерінде болды. 1932 – 37 жылдары Мәскеудің Бүкілодақтық өнеркәсіп академиясының гидроэлектрстанса және гидроқұрылыс факултетінде оқыды. 1937 – 39 жылдары Карелиядағы «Сунастрой» (Кондопожск СЭС-і) құрылысының, 1939 – 42 жылдары «Средазгидроэнергопроект» тресінің бастығы, 1942 – 50 жылдары Өзбек КСР Ет-сүт өнеркәсібі министрі, 1950 – 53 жылдары Ташкент облысы Шаххантаур СЭС-і құрылысының бастығы. 1953 – 55 жылдары КСРО Электростансалары министрлгінің энергетика академиясында оқыды. 1955 жылдары Қырғыз КСР-інің Қала және село құрылысы министрінің орынбасары, 1956 – 58 жылдары Қазақ КСР Су шаруашылық министрінің орынбасары, «Казголодностепстрой» тресінің бастығы, 1958 – 63 жылдары Қазақ КСР Су шаруашылық министрі. 1965 жылдан «Казгипроводхоз» ғылым-зерт. институтының директоры. 1974 жылдары одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты.

100-ден астам ғылым еңбектің авторы.

3 рет Еңбек Қызыл Ту, 2 рет «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Бүкілодақтық ХШЖК-нің қола медалінің иегері."Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:6 шілдеде туғандар Санат:1906 жылы туғандар Санат:Отырар ауданында туғандар Санат:1998 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:Қазақстан журналистері Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан экономистері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген гидротехниктері Санат:КСРО-ның еңбек сіңірген гидротехниктері Санат:Бүкілодақтық өнеркәсіп академиясы түлектері Санат:Өзбекстан министрлері Санат:КСРО Электростансалары министірлгінің энергетика академиясы түлектері Санат:Қазақ КСР су шаруашылығы министрлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесі қола медалінің иегерлері