«Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі () — Кеңес мемлекетінің жауларына қарсы әскери әрекеттердің табысты болуына үлес қосқан, өмірге қауіп төндіретін шебер, ынталы және батыл әрекеттері үшін КСРО мемлекеттік марапаты.
Тарихы «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1938 жылы 17 қазандағы «„Жауынгерлік еңбегі үшін“ медалін тағайындау туралы» Жарлығымен тағайындалды. Медал жайлы Ережеде былай делінген: «„Жауынгерлік еңбегі үшін“ медалімен Жұмысшы-шаруа Қызыл әскерінің, Әскери-теңіз флотының және шекара күзеті әскерлерінің қатардағы, қолбасшылық және басшылық құрамындағы әскери қызметшілер, сондай-ақ Жұмысшы-шаруа Қызыл әскерінің, Әскери-теңіз флотының және шекара күзеті әскерлерінің қатарында тұрмайтын, бірақ Кеңес мемлекетінің жауларымен күресте өздерінің өміріне төнген қауіпке қарамастан, шебер, ынталы және батыл іс-қимылдарымен майдандағы ұрыс қимылдарының табысты өтуіне жәрдемдескен адамдар марапатталады».
«Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі үздік шыққан адамдарға мынадай еңбектері үшін табысталды: әскери бөлімнің немесе бөлімшенің жауынгерлік тапсырмаларды ойдағыдай орындауына ықпал еткен ұрыстағы шебер, ынталы және батыл іс-қимылдары үшін; КСРО мемлекеттік шекарасын қорғау кезінде көрсеткен ерлігі үшін; жауынгерлік және саяси даярлықтағы үздік жетістіктері, жаңа әскери техниканы меңгеруі, әскери бөлімдер мен олардың бөлімшелерінің жоғары жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуі, сондай-ақ мерзімді әскери қызметті өткеру кезіндегі өзге де еңбектері үшін; неміс басқыншыларына қарсы майданда қолбасшылықтың жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны үшін.
1944 жылдың 4 маусымынан 1957 жылдың 14 қыркүйегіне дейін «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі Қызыл әскердің, Әскери-теңіз флотының, ішкі істер органдары мен мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қатарындағы он жылдық мінсіз қызметі үшін де табысталды.
Алғашқы марапаттау КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1938 жылғы 19 қазандағы Жарлығымен өткізілді («Кеңес Одағының қорғаныс қуатын нығайту жөніндегі үкіметтің арнайы тапсырмаларын үлгілі орындағаны және Жұмысшы-шаруа Қызыл әскері құрамаларының, бөлімшелері мен бөлімдерінің, сондай-ақ КСРО ІІХК әскерлерінің жауынгерлік, саяси және техникалық даярлығындағы үздік табыстары мен жетістіктері үшін»). Осы Жарлық бойынша 168 әскери қызметкер медалмен марапатталды. № 1 медалі КСРО ІІХК Шетел (барлау) бөлімінің барлау-диверсиялық тобының құрамында Испаниядағы азамат соғысына қатысқан Л. П. Василевскийге табысталды.
Хасан көлі ауданын қорғау кезінде жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындағаны, көрсеткен қаһармандығы мен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1938 жылғы 25 қазандағы Жарлығымен 1159 адам марапатталды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1938 жылы 14 қарашада шыққан Жарлыққа сәйкес медалмен 248 адам марапатталдыСведения о количестве награждённых орденами и медалями СССР по состоянию на 15.09.1940 г. / ЦАМО. Ф. 33. Оп. 42436сс. Д. 70. Л. 2..
Қиыр Шығыста жауынгерлік тапсырмаларды үздік орындағаны үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1939 жылы 19 қаңтарда шыққан Жарлыққа сәйкес 39 адам медалмен марапатталды.
Халхин гол өзені ауданындағы шайқастарда көрсеткен ерліктері үшін 2901 адам, ал Кеңес-фин соғысы кезінде 14 969 адам «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Жалпы 1941 жылдың маусымына дейін осы медалмен шамамен 21 мың марапаттау өткізілді<ref>. Всего к июню 1941 года медалью было произведено около 21 тысячи награжденийЛебедев В. Награды зовут на подвиг. // Военно-исторический журнал. — 1978. — № 10. — Б.122-123..
Ұлы Отан соғысы жылдарында осы медалмен 3 000 000-нан астам марапаттау өткізілді.
1995 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен 5 210 078 марапаттау өткізілді.
Медалді тағу ережелері Медалді тағу тәртібі, таспасының түсі және оның марапаттық тағанға орналастырылуы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1943 жылғы 19 маусымдағы «КСРО ордендері мен медалдарына арналған таспалардың үлгілері мен сипаттамасын және ордендерді, медалдарды, орден таспалары мен айырым белгілерін тағу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығымен бекітілді.
«Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі кеуденің сол жағына және Ушаков медалінен кейін тағады.
Медальдің сипаттамасы thumb|right|300px|Медальдің екі жағы. «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі диаметрі шығарылған жылына қарай 31–32,5 мм болатын дұрыс дөңгелек пішінге ие. Медалдің беткі жағы ені 1 мм, биіктігі 0,25 мм ернеумен жиектелген. Медальдің артқы жағы тегіс.
1947 жылға дейін медалдің артқы жағына реттік нөмір соғылып отырды. Алайда, КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасы Хатшылығының 1947 жылғы 30 қаңтардағы № 176 хаттамасының 8-тармағына сәйкес, «Кеңес Одағының Батырының „Алтын Жұлдыз“ медалі мен Социалистік Еңбек Ері „Орақ пен Балға“ медалін қоспағанда, КСРО медалдарын одан әрі дайындау нөмір соқпай жүзеге асырылсын» деп белгіленді. Мұндай медальдердің құлақшасы медальонмен бірге тұтас мөрленіп дайындалды.
Медаль құлақшасы мен шығыршық арқылы сұр түсті қатқыл жібек таспамен тысталған бесбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның екі жиегі бойымен ені 2 мм болатын алтын түсті екі бойлық жолақ орналасқан. Таспаның ені — 24 мм.
1943 жылдың күзіне дейін медаль қызыл түсті таспамен тысталған төртбұрышты тағанмен табысталды.
Бет жағы Медальдің беткі жағында жоғарғы бөлігінде шеңбер бойымен ойыңқы әріптермен жазылған, лағыл-қызыл түсті эмальмен қапталған «КСРО» () жазуы жазылған. «КСРО» жазуының ені — 6 мм, әріптерінің биіктігі — 2,5 мм. Ортаңғы бөлігінде үш жолдан тұратын шығыңқы «ЖАУЫНГЕРЛІК ЕҢБЕГІ ҮШІН» () жазуы бейнеленген. Әріптерінің биіктігі — 3 мм. Жазудың төменгі жағында бекітілген мылтық сүңгісі мен босатылған қайысбауы бар Мосин мылтығының офицерлік қылышпен айқастырылған шығыңқы бейнесі орналасқан. Сүңгісімен бірге мылтықтың ұзындығы — 23,2 мм, қылыштың ұзындығы — 20 мм.
Артқы жағы Ешқандай жазулар мен бейнелер жоқ. Төменгі бөлігінде көлденеңінен марапаттың реттік нөмірі соғылған.
Өндіріс материалы Медал 925 сынамалы күмістен дайындалды. Медал құрамындағы күмістің жалпы салмағы (1975 жылғы 18 қыркүйектегі жағдай бойынша) — 18,22 г. Тағансыз медалдің жалпы салмағы — 19,725±1,3 г.
Марапатталғандар thumb|right|200px|Медалдің нөмірі жазылмаған артқы жағы Медалмен үш рет: Ақтанов Торғамбек Байызұлы Каневец Павел Максимович Абалян Александр Мелкумович Финкельштейн Матвей Григорьевич Асанов Дайыр Асанұлы Багаев Николай Николаевич Вейцман Самуил Гдальевич Дёмин Павел Карпович Залгаллер Виктор Абрамович Красавин Михаил Васильевич Овечкин Алексей Дмитриевич Островский Иосиф Иванович Павлов Иван Дмитриевич Суховский Иван Николаевич Рыжанков Лев Петрович (1907 т.ж.) Сучков Иван Афанасьевич Фабричников Аркадий Андреевич Носенкис Борис Иосифович Озолин Ян Петрович (1942, 1943, 1944). Сондай-ақ, «Мәскеуді қорғағаны үшін» медалімен және 3-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Табаков, Павел Павлович (1944, 1944, 1945). Сондай-ақ ол екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен (1944, 1944), «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен және Қызыл жұлдыз орденімен (1945) марапатталған.. Бәйбек Төлепбекұлы Жантаев
«Жауынгерлік еңбегі үшін» медалінің ең жас иегері жеті жасында 47-гвардиялық атқыштар дивизиясының 142-гвардиялық атқыштар полкінің тәрбиеленушісі Сергей Алешков болды.
Әдебиет Ордена и медали СССР / Сост. Г. И. Гребенникова, Р. С. Каткова. — М.: Планета, 1982.
Сілтеме Медаль «За боевые заслуги» // «Онаградах.ру» порталы Олег Деревянко, Валерий Дуров. Награды: Медаль «За боевые заслуги» // Братишка. — 2001. — № 7—8 (43—44). Медали и ордена СССР // mondvor.narod.ru
Дереккөздер
Санат:КСРО марапаттары Санат:КСРО медалдары