Анар Бурашева — қазақстандық альпинист, скайраннер. Ол жер шарының барлық континентіндегі ең биік шыңдарды бағындырған, яғни «Жеті шың» (Seven Summits) бағдарламасын толық аяқтаған тарихтағы тұңғыш қазақ қызы және Орталық Азиядан шыққан әйел адам. Анар Бурашева — Эверест шыңына (8848 м) сәтті көтерілген алғашқы қазақ әйелі.
Өмірбаяны Анар Бурашева альпинизмге дейін скайраннингпен (таулы жерде жүгіру) айналысқан. Тауға шығуға деген қызығушылығы 2019 жылдың соңында қысқы альпинизм мектебіне барған кезінен басталған. Қысқа уақыт ішінде ол кәсіби дағдыларды меңгеріп, күрделі экспедицияларға қатыса бастады.
2024 жылы Килиманджароға шықты. Одан кейін тағы екі шың, ал 2025 жылы 3 шың және 2026 жылы соңғы шынды бағындырды.
Жетістіктері
Эверестке шығуы (2024) 2024 жылы 12 мамырда Анар Бурашева әлемнің ең биік нүктесі — Эверест шыңына (8848 м) сәтті көтерілді. Бұл оқиға Қазақстан альпинизмі үшін тарихи сәт болды, себебі ол осы шыңға аяқ басқан тұңғыш қазақ әйеліатанды. Экспедиция аты аңызға айналған альпинист Мақсұт Жұмаевтың жетекшілігімен «Kazakh Everest Team» құрамында өтті. Шыңға көтерілу кезінде ол қолайсыз ауа райы мен биіктік қиындықтарына қарамастан, Қазақстан туын әлемнің төбесіне тікті.
«Жеті шың» бағдарламасы (Seven Summits) Анар Бурашеваның ең ірі жетістігі — Месснер нұсқасы бойынша «Жеті шың» бағдарламасын орындауы. Бұл бағдарлама әлемнің әр құрлығындағы ең биік жеті шыңға шығуды көздейді. Анар бұл мақсатқа жету үшін екі жыл уақытын жұмсады және 2026 жылдың қаңтар айында Антарктидадағы Винсон массивіне шығу арқылы бағдарламаны сәтті аяқтады.
Аталған жеті шыңды бағындырған тұңғыш альпинистер Ричард Басс, Патрик Мороу, Райнхольд Масснер. Әйел адам Дзюнко Табэи (1992 жыл).
Ол бағындырған шыңдар тізімі:
Эверест (Азия) — 8848 м. Аконкагуа (Оңтүстік Америка) — 6962 м. Денали (Солтүстік Америка) — 6194 м. Килиманджаро (Африка) — 5895 м. Эльбрус (Еуропа) — 5642 м. Винсон массиві (Антарктида) — 4897 м (Бағдарламаның аяқталу нүктесі, қаңтар 2026 ж.). Карстенз пирамидасы / Пунчак-Джая (Австралия және Океания) — 4884 м.
Тағы қараңыз
Мақсұт Жұмаев Алина Пекова Дереккөздер
Санат:Альпинизм