(274301) Уикипедия — Негізгі белдеуге жатқызылатын кішігірім астероид.
Оны 2008 жылдың 25 тамызында Украинадағы Андрушёвка астрономиялық обсерваториясының ғалымдары ашты.
Атауы ең көлемді онлайн-энциклопедия болып саналатын Уикипедияның құрметіне орай қойылды. Бұл атау 2013 жылдың 27 қаңтарында бекітілді.
Орбиталық көрсеткіштері бойынша Веста жанұясына жатады. Бұл ең ірі астероид жанұяларының бірі болып келеді.
Дереккөздер
Тағы қараңыз Уикипедия ескерткіші Санат:Астероидтар Санат:Уикипедия