нобай|218x218 нүкте|Сирил Рамафоса мен Дональд Трамптың Ақ үйдегі кездесуі Оңтүстік Африканың ақ нәсілді босқындар бағдарламасы (), ресми атауы Оңтүстік Африка миссиясы — 2025 жылғы ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп бастамасымен іске қосылған АҚШ-тың бағдарламасы. Бұл бастама Оңтүстік Африкадағы ақ нәсілді азаматтарға және басқа да азшылық топтарға, негізінен африканерлерге, баспана беру мақсатында құрылған. Бағдарлама Оңтүстік Африканың апартеидтен кейінгі жер реформасы саясатына байланысты жүйелі зорлық-зомбылық пен нәсілдік кемсітушілік бар деген уәждерге негізделді. Трамп әкімшілігі бұл бағдарламаны Оңтүстік Африкалық ақ нәсілді фермерлер өздері «геноцид» және мемлекет қолдаған қудалауға ұшырап отыр деп сипаттаған жағдайлардың құрбаны деп мәлімдеу арқылы ақтады. Оңтүстік Африкада ақ нәсілді адамдарға қарсы геноцид жасалып жатыр деген тұжырымдар толықтай жоққа шығарылған.
Бұл бастама Оңтүстік Африка үкіметі тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады. Оңтүстік Африка президенті Сирил Рамафоса бағдарламаның негізін жоққа шығарып, ақ нәсілді азшылық халықаралық құқық бойынша босқын мәртебесін беруге жеткілікті деңгейде қудалауға ұшырап отырған жоқ деп мәлімдеді.
Тарихы
Оңтүстік Африкадағы қара нәсілді, түсті және үнді халықтарына қарсы нәсілдік кемсітушілік пен теңсіздік 1652 жылы Голландық Ост-Үнді компаниясының Қайырлы үміт мүйісінде сауда бекетін құрған кезден, яғни Еуропаның ауқымды отарлауы басталған кезеңнен бері қалыптасты. Кейін бұл аумақ Нидерланд Кейп колониясына айналды. Компания Койхой–Нидерланд соғыстарын бастап, жергілікті койхой халқын ығыстырды, олардың орнына ақ нәсілді қоныстанушылар жұмыс істеген фермаларды орналастырды және Нидерландтың отарлық империясының әр түкпірінен қара нәсілді құлдарды әкелді.
1985–1989 жылдар аралығында саяси зорлық-зомбылық аса айқын сипат алды, өйткені қара нәсілділер тұратын тауншиптер апартеидке қарсы ұйымдар мен Бота үкіметі арасындағы күрестің негізгі орталығына айналды. Қара нәсілді қалалық кеңес мүшелері мен полицейлерге, кейде олардың отбасы мүшелеріне де шабуыл жасалып, оларды жанармай құйылған бөтелкелермен өртеді, соққыға жықты және «неклейсинг» әдісімен өлтірді бұл кезде жәбірленушінің қолдарын тікенек сыммен байлап, мойнына жанып тұрған шина кигізілетін. Сотсыз қамауға алу үкіметтің күшейіп келе жатқан азаматтық толқуларға берген жауабының кең тараған тәсіліне айналды, 1988 жылға қарай 30 000 адам қамауға алынды.McKendrick, Brian; Hoffmann, Wilman (1990). People and violence in South Africa. Oxford University Press. p. 62. Бұқаралық ақпарат құралдары цензураға ұшырады, мыңдаған адам тұтқындалып, көпшілігі тергеліп, азаптауға ұшырады.Blond, Rebecca; Fitzpatrick, Mary (2004). South Africa, Lesotho & Swaziland. Lonely Planet. p. 40.
2025 жылғы 23 қаңтарда Оңтүстік Африка президенті Сирил Рамафоса даулы Экспроприация туралы заңға қол қойып, оны заңды күшіне енгізді. Бұл заң белгілі бір жағдайларда мемлекетке мүлікті өтемақысыз тәркілеуге рұқсат береді. Оңтүстік Африка билігі бұл қадамды апартеидтің теріс салдарын жоюға бағытталған әрекет ретінде түсіндірді. Заңды қолдаушылар Оңтүстік Африкалық ақ нәсілділер ел халқының 7 пайызын ғана құраса да, ел аумағындағы ауыл шаруашылығы жерлерінің жартысына иелік ететінін алға тартады.
АҚШ 2025 жылғы 20 қаңтарда қызметке кіріскен кезде президент Трамп барлық босқын қабылдауды тоқтататын атқарушы жарлыққа қол қойып, тек бір ғана ерекшелік енгізді — ақ нәсілді оңтүстік африкалықтарға қатысты. 7 ақпанда Трамп 14204 нөмірлі атқарушы жарлыққа қол қойып, Оңтүстік Африкаға барлық сыртқы көмек көрсетуді тоқтатты, оның үкіметі «нәсілге негізделген кемсітушілікпен» айналысып жатыр деп мәлімдеді. Сол атқарушы жарлықта Трамп АҚШ Африканер босқындарын үкімет қолдаған нәсілдік кемсітушіліктен, соның ішінде нәсілдік сипаттағы мүлікті тәркілеуден қашып келе жатқандарды қайта орналастыруды қолдайтынын және африканерлерге азаматтыққа тез жол берілетінін айтты.
Трамп өз бірінші мерзімінде ақ нәсілді оңтүстік африкалық фермерлердің көп мөлшерде өлтіріліп жатқанын мәлімдеді, бұл пікірді Илон Маскта қайталап, оны геноцид деп атады. Алайда The New York Times жаңартылған статистикасына сәйкес, 2020 жылдың сәуірінен 2024 жылдың наурызына дейін Оңтүстік Африкадағы фермаларда өлтірілген 225 адамның 101-і қара нәсілді жұмысшылар болса, 53-і негізінен ақ нәсілді фермерлер болды. Елде жыл сайын шамамен 26 000 адам өлтірілсе, олардың тек шамамен 0,1%-і фермаларда, сол құрбандардың басым бөлігі қара нәсілділер болып табылады.
2025 жылғы наурызда Мемлекеттік хатшы Марко Рубио АҚШ-тағы Оңтүстік Африка елшісі Эбрахим Расулды персона нон грата деп жариялады, себебі Трамптың 2024 жылғы президенттік науқаны мен саясатын сынаған.
Іске асыру 2025 жылғы наурызда АҚШ мемлекеттік департаменті босқындар бағдарламасына қатысты 8 000 өтініш түскенін хабарлады. Есептерге сәйкес, Преториядағы АҚШ елшілігі отбасылармен сұхбат жүргізіп, оларды рәсімдеумен айналысқан, Мемлекеттік департаменттің қызметкерлері Оңтүстік Африканы тастап шығуға жоспарланған отбасылар үшін арнайы ұшақтар ұйымдастыра бастаған.
2025 жылғы 12 мамырда бағдарламаның аясында алғашқы 59 ақ нәсілді оңтүстік африкалық Солтүстік Вирджиниядағы Даллеске келді. Оларды Даллес халықаралық әуежайында АҚШ өкілдері, соның ішінде Мемлекеттік департаменттің орынбасары Кристофер Ландо қарсы алып, қайта орналастыруға көмек көрсетілді. Мемлекеттік департаменттің мәліметі бойынша, олардың барлығы ағылшын тілін сөйлеген және шамамен үштен бірінің АҚШ-та туыстары бар болған. Африканер азшылық топтарының босқын өтініштері Трамп әкімшілігі тарапынан жедел өңделді, басымдылық беру себебі ретінде «нәсілдік кемсітушілік» көрсетілді.
2025 жылғы 2 маусымда АҚШ өкілдері бірнеше күн бұрын екінші топ ретінде тоғыз ақ нәсілді Оңтүстік Африкалық келгенін хабарлады.
2025 жылғы қазанда Трамп әкімшілігі 2026 қаржы жылы үшін АҚШ-қа жыл сайын қабылданатын босқындардың санын 7 500 адаммен шектейтінін жариялады. Ақ нәсілді Оңтүстік Африкалықтардан басқа нақты топтарға қатысты ештеңе айтылған жоқ.
Реакциялар
Қолдау АҚШ президенті Дональд Трамп өз әрекеттерін қорғап, «Бұл болып жатқан геноцид» деді және «Фермерлер өлтіріліп жатыр, олар ақ нәсілді болып тұр, бірақ олар ақ па, қара ма — маған айырмашылығы жоқ» деп қосты.
Сол уақытта президенттің аға кеңесшісі, ақ нәсілді оңтүстік африкалық Илон Маск, Оңтүстік Африкадағы «ақ нәсілділерге геноцид» туралы мәлімдемелерді одан әрі күшейтті.
Мемлекеттік департаменттің орынбасары Кристофер Ландо африканерлерді қарсы алып, олардың «үйіне қауіп төндіретін басқыншылықтарға» тап болып жатқанын және оларды АҚШ мәдениетіне оңай бейімдеуге болатынын мәлімдеді.
Оңтүстік африкалық ақ нәсілді фермер, жеті фермасын жоғалтқан, бірақ құрғақшылық пен дұрыс емес іскерлік шешімдерге байланысты зардап шеккен, Оңтүстік Африканың «нәсілшіл» Экспроприация заңы мен банктердің әрекеттерінен ашуланған. Бағдарламаны «тамаша мүмкіндік» деп сипаттап, егер өзі барса, отбасы да бірге кететінін, себебі қазіргі уақытта жұмыссыз екенін айтты. Фермер Трампты қолдайтын ақ нәсілді оңтүстік африкалықтар тобының мүшесі болып табылады, олардың қатарында әлеуметтік желіде әсері бар Виллем Петзер бар, «Батыстың қолдауымен біз Оңтүстік Африканы қайтадан керемет ете аламыз» деп мәлімдеп, ақ нәсілділерге қарсы геноцид туралы баяндауды қайталайды. Бір ақ нәсілді оңтүстік африкалық босқын АҚШ-тағы сұхбатында жаңа жерге қатысты ережелерге байланысты «Жерің мәнін жоғалтады» деп, WhatsApp арқылы қауіп-қатерлер келгені, техника зақымдалғаны және жергілікті полицияның шағымдарға әрекет жасамағаны үшін қашып кетуге мәжбүр болғанын айтты.
Оппазия Көптеген демократтар қайта орналастыру жоспарын айыптады, соның ішінде Мэриленд сенаторы Крис Ван Холлен оны Трамп әкімшілігінің «жаппай апартеид саясатының» бөлігі деп сипаттады. Нью-Гэмпшир сенаторы Жан Шахин оны «тарихты қайта жазу әрекеті» деп атады. Конгрестің Сыртқы істер комитетінің мүшесі Грегори Микс «Бұл тек нәсілшіл сигнал емес, бұл тарихты саяси мақсатпен қайта жазу» деді.
АҚШ-тың Епископал шіркеуі моральдық себептерге байланысты ақ африканерлерді қайта орналастыруға қарсы болып, федералдық үкіметпен серіктестігін тоқтатты.
Оңтүстік Африка өкілдері бұл бастаманы «саяси мақсатпен жасалған және Оңтүстік Африканың конституциялық демократиясын сынауға бағытталған» деп мәлімдеді, сонымен қатар Трамптың Оңтүстік Африканың Иранмен байланысын сынға алуы мен Израильге қарсы геноцид ісін Халықаралық сотта қозғауын негіз ретінде келтірді. Президент Рамафоса АҚШ бағасын «шындыққа сай емес» деп сынады. Сондай-ақ АҚШ-қа көшкен ақ нәсілді оңтүстік африкалықтарды «қорқақтар» деп атап, «олар жақында қайта оралады» деді.
Апартеид дәуіріндегі тұлғалардың ұрпақтары, сонымен қатар іскер, ғылыми қоғамдастық жетекшілері сияқты белгілі африканерлер тобы ашық хат жазып, Трамптың Оңтүстік Африкалық ақ нәсілділерге жүйелі түрде қысым жасалып жатыр деген мәлімдемесін теріске шығарды. «Біздің атымыздан емес» деп аталған хат бірнеше АҚШ сенаторына жіберіліп, Трамптың тұжырымдарына қарсы пікірлерді көтерді. Бір ақ нәсілді оңтүстік африкалық фермер АҚШ-қа кеткендерді «шын фермерлер емес, тек пайдакүнемдер» деп сипаттады.
Тағы қараңыз Сирил Рамафоса мен Дональд Трамптың Ақ үйдегі кездесуі (2025)
Дереккөздер
Санат:Сирил Рамафоса Санат:Трамптың екінші әкімшілігіне қатысты даулар Санат:Дональд Трамптың иммиграциялық саясаты Санат:АҚШ-тағы босқындар Санат:АҚШ — Оңтүстік Африка қатынастары Санат:АҚШ-тағы Оңтүстік Африка диаспорасы Санат:Оңтүстік Африка босқындары Санат:Ақ нәсілділердің геноцидтік қастандық теориясы Санат:Оңтүстік Африкалық ақ нәсілділер